Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12831935
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
5989
4619
10608
12623686
150388
375712
12831935

Сіздің IP: 3.133.141.6
Уақыт: 2024-04-23 11:41:01

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 – жылдығына арналған «Еліміздің мерейтойына 25 өнертабыс» атты жас астрономдардың облыстық слеті

Звезды светят нам Звезды светят нам
Звезды светят нам Звезды светят нам

25 наурыз күні М. Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайының үлкен залының фойесінде жас астрономдардың облыстық слеті өтті. Аспан және аспан денелерін зерттейтін жалпы білім беру мектептерінің оқушылары «Жұлдыздар бізге жарқырайды» атты облыстық жас астрономдарының слетінде кездесті. Шараны ұйымдастырушылар – Павлодар облысы білім басқарамасының қолдауымен М.Катаев атындағы Облыстық Оқушылар сарайы.

 

Біз оқушыларды астрономия және ғарыш әлеміне баулып, ғылыми-техникалық зерттеулерге қызығушылықтарын арттыруды көздейміз, дарынды оқушыларды анықтап қолдау көрсетеміз. Сондықтан біз облыстық форумды таңдап алдық. Біздің ойымызша, оқушылардың назарын, ғылыми шығармашылыққа және зерттеу жұмыстарына аударамыз керек деді, - Оқушылар сарайы «Антарес» жас астрономдар клубының жетекшісі Гүлнәр Баубекова.

Іс-шараның қатысушылары планетариада ғарыш туралы бейнероликтерді тамашалап, обсерваторияға барды. Сарайдың жалпы техникалық модельдеу үйірмесінің тәрбиеленушілері ғарыш кемелерінің макетін слет қатысушыларына паш етті. Слет шеңберінде компьютер презентациялары, шығарма-эсселер, ғарыш тақырыбына арналған қолдан жасалған бұйымдарының байқаулары өткізілді. Көрме қонақтары жалпытехникалық модельдеу жұмыстарының арасында әскери және ғарыш техникасының келесі экспонаттарын көре алды: олар, ұшақтар, танкілер, ғарыш кемелері.

Қазылар алқасы жұмыстардың ішінде тақырыптың толық ашылуын және бірізділігін, ақпараттың стилистикалық тұтастығын, оның көркемдік ерекшелігі мен толықтығын бағалады. Слет жұмысының қортындысында барлық қатысушыларға сертификаттар табысталып, шығармашылық конкурстың жеңімпаздары дипломдарға ие болды.

Ғылыми-зерттеу жобаларының презентациялар байқауының қортындысы бойынша №35 ЖОМ-нің оқушысы Еренғайып Қобланды I-ші орынды иеленді, II-ші орынды Павлодар қаласы №11 ЖОМ-нің оқушысы Макишева Лаура, III-ші орынды Ақсу қаласының гимназия оқушысы Галиева Камилла және Ақсу қаласы лицей оқушысы Кичуткин Артем жеңіп алды.

Шығарма-эссе конкурсының қортындысы бойынша Павлодар қаласы №27 ЖОМ-нің оқушысы Базавот Виктория I-ші орынды иеленді, II-ші орынды Павлодар қаласы № 10 ЖОМ-нің оқушысы Акбота Мейрман, III –орынды Баянауыл ауданы С.М.Торайғыров атындағы ЖОМ-нің оқушысы Болат Сержан иеленді.

Слет шеңберінде жалпы техникалық моделдеу жұмыстарының көрмесі өтті. Көрме қортындысы бойынша ұшақ макетінің моделі үшін II-ші орынды Павлодар қаласы №34 ЖОМ-нің оқушысы Муратбек Торехан иеленсе, тікұшақ моделі үшін Павлодар қаласы №15 ЖОМ-нің оқушысы Бузуртанов Альмалик иеленді.

Жалпы слетке обылыс және қала көлемі бойынша 37 жұмыс ұсынылды.

Түсініктемелер қосу