Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12654812
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
9705
17782
113761
12290016
348977
367470
12654812

Сіздің IP: 34.228.239.171
Уақыт: 2024-03-29 20:40:42

Аспан және жер жұлдыздары

Звёзды неба и земли Звёзды неба и земли
 
Павлодар облысы  М.Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайының жас астрономдары 2016 жылдың 8 ақпан күні Қазақстан елін Новосібір ғылыми-практикалық «Сібір» оқушылар қоғамының ашық ғылыми-практикалық конференциясында таныстырды.

«Антарес» астрономдар клубының тәрбиеленушілері және олардың жетекшісі Гүлнар Баубекова, жалпытехникалық модельдеу зертханасының оқушылары және олардың жетекшісі Евгений Вазиянов астрономия және космонавтика секциясының жұмысына қатысты.

Жас зерттеушілер мектеп оқушысына оңай келмейтін ғылыми тақырыптардың жобасын ұсынды. Гүлнар Қайырболатқызының тәрбиеленушісі Лаура Макишева «Ежелгі көшпенділердің астрономиясы» атты шығармашылық жобасы үшін жоғары баға алды. Бұл ғылыми жұмыс талдаудың тереңділігі әрі ақындылығымен ерекшеленді. Жоба I-ші орынға ие болды.

Гүлнар Баубекованың жетекшілігімен Яна Резник «Ауыл шаруашылық дақылдардың өніп-өсуінің айдың әсері» атты жұмысының тұсауын кесті. Қажымұқан Мұңайтпасов пен Қобыланды Еренғайыптың ғылыми тақырыптары «Массаның электромагниттік үдеткіштері» деп аталды. Бұл жобалардың жетекшілері Евгений Вазиянов пен Гүлнар Баубекова болды. Екі жұмыс та III-ші орынға иеленді.

Конференция ұйымдастырушылары Новосібір қаласы білім беру басқармасының бас әкімшілігі болды. Конференцияда Сібір Федералдық округ аймақтары және Новосібір облысы, Новосібір қаласының жалпы білім беру мекемелерінің 9-11 сынып оқушылары қатысты.

Ғылыми жарыстың қазылар алқасы құрамына әйгілі ресей ғалымдары мен педагогтары енді, олар: Иркутск мемлекеттік университетінің доценті, СО РАН сәулелі-жер физика Институтының ғылыми қызметкері, физика-математика ғылымдарының докторы Сергей Язев, Новосібір  астрономия қоғамының президенті Антон Савельев, «Планетарий» балалар-жасөспірімдер орталығының директоры Сергей Масликов, «Планетарий» балалар-жасөспірімдер орталығының оқу-тәрбие жұмысының бөлім басшысы Наталья Сафонова болды.

Түсініктемелер қосу