Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар15735538
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 5035 15540 5035 15471449 389901 367126 15735538 Сіздің IP: 3.137.162.107
Уақыт: 2024-12-23 06:29:54
|
Балғындар шебер болсын
2015 жылдың 25 қараша күні М.Катаев атындағы Оқушылар сарайында техникалық үйірмелер жетекшілері және технология пәні мұғалімдері үшін «Условия повышения уровня обученности в творческих объединениях технической направленности» тақырыбына сай облыстық оқыту семинары өтті. Бұл семинардың жұмысын ұйымдастырып әрі жүргізген Оқушылар сарайы ғылым және техника бөлімінің педагогтары еді. Семинарға аудандық білім бөлімінің 30 техникалық бағытындағы мамандар және педагогтар қатысты. (Ақтоғай, Ертіс, Шарбақты, Павлодар ауданы, Қашыр, Май, Железин аудандары, Екібастұз және Ақсу қалалары). Семинар қатысушыларының алдыңда ПМПИ-ның теория және кәсіби білім беру кафедрасының аға оқытушысы, кәсіби оқытудың магистрі Гультан Кошегулова «Условия повышения уровня обученности в творческих объединениях технической направленности» тақырыбында сөз сөйледі. Оқушылар сарайы жалпы техникалық модельдеу үйірмесінің жетекшісі Евгений Вазиянов «Развитие технического творчества и исследовательской деятельности на базе кружка общетехнического моделирования» тақырыбында сөз алды. Семинарға келген педагогтар Оқушылар сарайы ғылым және техника бөлімінің қосымша білім беру педагогтарының шеберлік-сабақтарына қатысты. Жапырақтарды өрумен жұмыс жасау және оларды оқушылармен сабақта қалай қолдану туралы «Экомир» экологиялық тәрбие беру зертханасының жетекшісі Ирина Матвеева баяндады. «Мастерок» алғашқы модельдеу үйірмесінің жетекшісі Гульнар Бектогаева семинар қатысушыларына қатты қағаздан жылжымалы бөлшектерді қоса отыра техникалық модельдердің үлгісін жасап көрсетті. «Оқушылар сарайының астрономиялық бөлімі оқушылардың зияткерлік дамуы үшін қолдану» туралы «Антарес» жас астрономшылар клубының жетекшісі Гульнар Баубекова баяндады. Келген қонақтар Оқушылар сарайының обсерваториясында болып қайтты. Семинардың соныңда қатысушылар пікірлерімен алмасып, балалар техникалық шығармашылығында тежеу болып тұрған мәселелерге айқын тоқталды.
|