Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар15735620
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 5117 15540 5117 15471449 389983 367126 15735620 Сіздің IP: 3.147.57.239
Уақыт: 2024-12-23 06:34:38
|
Жұлдыздармен шабыттанамын ...
Қазіргі таңда кәсіби астрономдар мен обсерваториялар көп емес. Олар астрономиялық бөлімнің азын-аулақ нысанын ғана зерттейді. Алайда, Қазақстанның ең ірі қалаларында астроном әуесқойлардың қауымдастығын кездестіруге болады. Өкінішке орай, олардың біршамасы үйірмелер мен клубтарға бірікпей, жалғыз өздері жұлдыздарды бақылап зерттейді. Сөздің шыны керек, өткен ғасырдағыдай адамдар жұлдызды аспанды зерттегенді жақсы көреді. Павлодар аймағында астроном әуесқойларының клубы бар. Бірақ ол, жаһаннан алшақ кеткен жок. Біздің астрономдар Қазақстанның барлық астрономдарымен, интернет желісінде форумдарда араласады. Павлодардың аға буын жұлдызсанаушылары М.Катаев атындағы «Антарес» клубының жас әуесқойларына түнгі жұлдызды бақылауларды ұйымдастырға көмек береді. Павлодар аймағының әуесқой астрономдары, керемет және танымал ғылым астрономияны зерттеп, бұл салаға үлкен үлестерін қосады. Олар өздерінің білімдерімен, жеке іс-тәжірибелерімен бөлісіп, бақылауға арналған қауымдастықтарды ұйымдастырып, құрал-жабдықтарды жасап, жаңғыртады. Заманауи астрономия қарапайым жұлдыздарды бақылаудан – ғаламшарды барлық қырынан зерттеп, радиодан-гаммаға дейін бақылай алатын дәрежеге жетті. Кәсіби астрономдарда, көру астрономиясы түгелімен жоқ болды, тек қана әуесқойларда қалды. Қазіргі таңда жаңалықтарды, жұлдыздардың ауысуын, астероидтарды, кометаларды ең бірінші болып, әуесқойлар табатын болды. Павлодардың жас астроном әуесқойлары өте бақытты, себебі олардың клубтарының құрамында кәсіби маман, астроном-бақылаушы Радченко Виталий Анатольевич бар. Виталий Анатольевич 6 жасынан бастап үлкен ағасының басшылығымен, астрономиямен әуестене бастады. 2006 жылы астрономиялық қауымдастық қатарына қосылды. Астрономияны зерттеу барысында 8 телескопты ауыстырды. Виталий Анатольевичтің коллекциясында өз қолымен жасап шығарған телескобы бар. Бұл - Ньютон рефлекторы Добсон монтировкасы басты айнасы 356 мм құрайтын және фокустық қашықтығы 2136 мм Ньютон рефлекторы Добсон монтировкасы басты айнасы 356 мм құрайтын және фокустық қашықтығы 1586 мм болып табылады. Бұл белгілер әрине, астрономиядан хабары жоқ адамға түсініксіз келеді. Виталий Анатольевичтің телескоптары өте ерекше бірегей екенің тек қана, аспан денелерімен таныс болған адам түсінеді. Олармен планеталарды бақылауға әбден болады. «Антарес» клубының жас әуесқойлары, түнгі бақылау кезіңде осы телескоптармен танысып, оның шыны әйнегі арқылы астрономиялық құбылыстары бақылауға мүмкіндіктері туды. Виталий Анатольевич - «Антарес» клубының жас әуесқойларына, болашақ жас астроном мамандарға ерекше тұлға, үлгі, өз ісінің майталман шебері болып табылады.
|