Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

15735580
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
5077
15540
5077
15471449
389943
367126
15735580

Сіздің IP: 3.15.211.55
Уақыт: 2024-12-23 06:32:13

«Шуақты жаз» жазғы лагерінің күнделігі (15, 16, 17 маусым)

Календарь летнего экспресса «Радужное лето» (15, 16, 17 июня) Календарь летнего экспресса «Радужное лето» (15, 16, 17 июня)

15 маусым
Жаңбырлы күн болса да Оқушылар сарайының қонақтары уақыттарын қызықты және көңілді өткізуіне кесірін тигізген жоқ. Осы күн № 42 және 43 мектеп оқушылары үшін көңілді музыкалық ширатудан басталды. «Арман-шоу» театр студиясының педагогтары Айгерім Бекбулатова мен Ғалия Жанкаринова оларға ойын-сауық тапсырмаларын дайындай отыра, оқушыларды қарсы алды. Студия жетекшілері «Әуен табу» ескі көңілді ойынымен балаларды қызықтырды. Қатысушылар әннің атын дұрыс тауып, әнді айтып және орындарында билеп берді.

Кейбір балалар  Оқушылар сарайының жұмбақ әлемі  - ғарыш планетариясына барды. Қашық жұлдыздар жылтылдауы, шексіз әлем әсемдігі, көз алдарына ғарыштық атылыстар ашылды.

Календарь летнего экспресса «Радужное лето» (15, 16, 17 июня) Календарь летнего экспресса «Радужное лето» (15, 16, 17 июня)

Толағай» станциясы табиғат еліне саяхат 110 кабинетте өткізілді. Ирина Николаевна Матвеева мен  Наталья Александровна Фетисова балаларға жануарлар туралы айтып қана қоймай, оларға жұмбақтар айтты.  Бұл жерде балалардың  тиін мен тотықұсты көруге,  балықтарды бақылауға, қояндарды сипауға, теңіз шошқасын тамақтандыруға және тасбақаларды қолымен ұстауға мүмкіндіктері бар. «Экологиялық әлем» үйірмесінде 40 астам асыранды бар. Олар балалармен кездесуге өте қуанышты. 15 маусым күні Оқушылар сарайы  377 баланы қабылдады.

Календарь летнего экспресса «Радужное лето» (15, 16, 17 июня) Календарь летнего экспресса «Радужное лето» (15, 16, 17 июня)

16 маусым
М.М. Катаев атындағы Оқушылар сарайының «Аталар-ардагерлер, немелер-із зерттегіштер» мұражайы балалардың жазғы демалысы үшін жұмыс істеуде. Мұражай жетекшісі Әсем Сыздықова кішкентай келушілер үшін кіріспе дәріс өткізеді. Балалар Ұлы Отан соғысы туралы, жерлес батырлар жайлы әңгімелерді тыңдайды, мұражай экспонаттарын тамашалайды. Мұражайдағы көптеген заттарды қолымен ұстауға, көруге болады.

Тамаша әуенге жанасатын «Саз керуен» станциясында балаларды Алтын Кенжеханова, Қуаныш Раимбеков және Мәди Кенжиханов қарсы алады. Бұл станция біршама уақыт ішінде балаларды кәдімгі оркестр қатысушыларына айналдырады. Балалар қазақтың ұлттық құралдарында ойнауға талпынады, ал педагогтар болса, оларға әдемі және үйлесімді ансамбль жасауға үйретеді. Бәлкім, әуендері онша дұрыс шықпаса да, есесіне шын көңілден болады.

«Шуақты жаз» жазғы экспресінің «Бәйге» станциясында да өз ұлттық ерекшелігі бар. Анара Сансызбаева мен Нүргүл Темиргалинова оқушылармен әртүрлі ұлттық ойындар өткізеді. «Аламан бәйге» ойынында балалар жылдамдық пен ептілікке жарыс ұйымдастырса, ал «Қыз қуу» ойынында тек қана жылдам болмай сонымен қатар, қағаздан жасалған аттармен шабу ұйымдастырыдған.

16 маусым күні Оқушылар сарайының педагогтары көңілді ойындарымен 332 баланы қызықтырды.

Календарь летнего экспресса «Радужное лето» (15, 16, 17 июня) Календарь летнего экспресса «Радужное лето» (15, 16, 17 июня)

 

17 маусым
«Әдемі-ай» станциясын күн сайын 60 оқушы келеді. 17 маусым күні «Стиль» шаштараз үйірмесінің жетекшісі Евгения Леденёва № 22 және 41 мектеп қыздарын «жазғы мейк-аппен» таныстырды. Балалар уақытша денені әшекейлеу туралы білді. Әрбір қалаушы бетіне немесе қолына сарышаянды, қасқырды, гүлдерді (немесе басқа нәрсені) салуға мүмкіндіктері болды. Балалар бұл станцияда оқушылар аква-гриммен салынған ішкі суретпен қатар, жақсы көңіл-күйлерімен мектептеріне оралды.

Календарь летнего экспресса «Радужное лето» (15, 16, 17 июня) Календарь летнего экспресса «Радужное лето» (15, 16, 17 июня)

Өз кезегінде қонақтар Оқушылар сарайына шығармашылық жұмыстарын қалдырды. Мысалы, Әсем Аипова балалар журналистикасы туралы өткізген сынып шеберінде «Астана» және «Жаз» тақырыптары бойынша оқушылар өз шығармаларын жазды. Балалар коммуникативті ойындар мен жылдам сөздер табу арқылы ойын түрлерін ойнады.

Екі жыл бойы Оқушылар сарайы мүмкіндігі шектеулі балаларды қабылдады. 17 маусым күні «Табиғат» және «Әдемі-ай» станцияларына сауықтыру орталығынан Алтынай атты қыз келіп жүреді. 17 маусым күні барлық шығармашылық станцияларында 210 бала болды. Ал концерттік бағдарламаға 291 бала келді.

Түсініктемелер қосу