Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12645376
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
269
17782
104325
12290016
339541
367470
12645376

Сіздің IP: 3.215.183.194
Уақыт: 2024-03-29 00:28:02

«Шуақты жаз» жазғы экспресінің күнделігі

Календарь летнего экспресса «Радужное лето» Календарь летнего экспресса «Радужное лето»

Міне осыдан екі жылдан астам М.Катаев атындағы Павлодар Оқушылар сарайында  «Шуақты жаз» жазғы экспресс шеңберіңде ұйымдастырып отырған, балалардың жазғы демалысын өткізу бағдарламасы іске асырылды. Бұл бағдарлама өз жазғы демалыстарын қызықты өткізетін, бос уақыттарын әр-түрлі пайдаланатын, жаңа достар тауып, жан-жақты білім алатын мектеп оқушыларына арналған.

«Шуақты жаз» жазғы демалыс лагерінің бірінші кезеңі 2-ші маусым күні басталып, 19 маусымға дейін жалғасады. Оқушылар сарайы бір күн ішінде 300-ден астам оқушыларды қабылдап, ал «Шуақты жаз» бір маусым ішінде 3000-нан астам павлодарлық оқушыларды қабылдауға дайындалып отыр. Ал 22 маусымнан 10-ші шілде аралығында  II маусым басталып, жазғы демалыстарын қызықты өткізгісі келетін балаларға Оқушылар сарайы өз есігін айқара ашпақ.

***

Календарь летнего экспресса «Радужное лето» Календарь летнего экспресса «Радужное лето»

2 маусым. «Шуақты жаз» жазғы демалыс лагері сағат таңғы 10.00-де басталады. Осы таңғы уақытта бір тізбекке тізіліп Сарайға қаламыздың түкпір-түкпірінен оқушылар жиналады. 

Осы күні Сарайға №5, 39, 22 және 41 мектептен барлығы 320 адам келді. «Толағай» станциясы № 22 мектептің оқушыларына жазғы экспрестің бірінші кезеңі болды. Бұл жерде олар спорттық ойындар ойнап әр-түрлі эстафеталарға қатысты. «Ән шашу» станциясында №41 мектептің оқушылары өздерін эстрадалық әншілер секілді өлең айтып,өз өнерлерін көрсетті. Ал «Карусель» лагерінің жас эрудиттері «Жарық жұлдыз» станциясында ой жүйріктілігін айқын көрсетті. Олар анаграммалар мен сөзжұмбақтарды шешті. Осы ойын кезінде «Одуванчики» қатары жеңімпаз атанды.

Календарь летнего экспресса «Радужное лето» Календарь летнего экспресса «Радужное лето»

3 маусым. Оқушылар сарайында «Мультимедиа әлемi»   станция шеңберінде барлық маусым ішінде жұмыс істейді. Бұнда «Шуақты жаз» бағдарламасы іске асырылып, лагердің жұмысы қалалық және облыстық БАҚ ақпаратты дайындау, және баспаға жариялау баспа орталығының басты  мақсаты болып табылады.  Осы күні «Шуакты жаз» ақпараттық қабырға газеті жасалды, бұнда күнделікті лагер жұмысы, оқушылардың шығармалары, суреттері және тағы да басқа материалдар дайындалады. Балалардың ең үздік деген шығармалары облыстық балалар-жасөспірімдер газетінде жарияланады. Балалар баспа орталығының жетекшісі Е.В.Вайберт №5 және №41 ЖОМ-нің оқушыларына балалар журналистикасы туралы ақпараттар даярлап және балалар журналистика туралы викторина өткізді.

Барлығы 225 бала болды.

Календарь летнего экспресса «Радужное лето» Календарь летнего экспресса «Радужное лето»

4 маусым. Бұл күні Қазақстанда мемлекеттік рәміздер күнің тойлайды. Сондықтан орталықтардың жұмыс барысында бұл тақырып өзекті болды. «Артәлем» станциясында вокалдық, би, театр бағытындағы балалармен жұмыс жасау барысында ұстаздар бағдарламасында осы тақырыпта қозғады. Сарайдың әдістемелік кітапханасының жетекшісі Т.В.Суворова Қазақстан Республикасының рәміздері туралы мемлекеттік тарихы туралы қызықты деректерді келтіріп қызықты ойын түрінде өткізді. Эстетикалық және техникалық бағыт негізінде құрылған «Өрлеу» станциясының жұмысы балаларға қызықты әрі жемісті өтті. Сыздыкова Л.А. Леденёва Е.В, Бектогаева Г.С, Вазиянов Е.В, Бирева С.С. педагогтарының өткізген шебер-сыныптары жеңіл ойын түрінде өтті, модельдеу, құрастыру, бейнелеу өнері, сонымен қатар ұлттық қол өнері түрлері бойынша қызықты деректер келтірді.

Бұл күні 167 бала Сарайда қонақта болды.

5 маусым. «Рауан» әдеби студиясының жетекшісі Юрченко Марина Владимировна өткізген «Әдеби қонақжай» станциясы балалардың қызығушылығын арттырады. Бұл күні №№ 13 және 8 мектептің оқушылар қазіргі кездің жастары кітап оқитыны екендіктерін дәлелдеп берді. Тіпті «шағын-орталықтың» жас балғындары да ғажайып сандықтан жұмбақтың шешімін біліп жатты. Қонаққа келген аға тәлімгерлер де бос отырмай жұмбақтар шешіп, тіпті ойындарға да қызу кірісті. Оқушылар өздерін нағыз патриоттар екендіктерін дәлелдеді, олар Қазақстан туралы викторинаның сұрақтарына өте жақсы жауап берді.

Бұл күннің басты мерекесі Оқушылар сарайының үлкен залында өткен концерт болды. (концертке жауапты А.С.Бекбулатова). «Шуақты жаз – Радужное лето» шығармашылық жұмасы осындай керемет мерекелік концертпен аяқталып отырады. Осы күні №8 және 13 павлодарлық метептер үшін «Музыкальный квартал» (жет. Атлан Т.И.) және «Блейз» эстрадалық би студиясы (жет. Корнюхина Л.В.) өнер көрсетті. Алина Кульбаеваның орындауындағы «Мир, как радуга» және Турар Зейнулланың «Мен ораламын» әнің оқушылар өте жақсы қабылдады. Концерттік бағдарламаны «Блейз» би студиясының бишілері «Дрессировщица» биін өте әдемі және көркем орындап берді. Бұл күні Сарайды 663 бала қонақта болды.

Түсініктемелер қосу