Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12640771
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
13446
29268
99720
12290016
334936
367470
12640771

Сіздің IP: 44.222.146.114
Уақыт: 2024-03-28 17:13:23

Шеберлікке шек жоқ!

Демонстрация моделей гостям из министерства Демонстрация моделей гостям из министерства

Осыдан алты мыңнан жылдан астам, доңғалақты ойлап табу техниканың жетістігі болып саналса, қазіргі таңда техниканың өнертапқыштарына куә болып отырмыз.  2015 жылдың 12-13 маусым айында М.Катаев атындағы Павлодар облыстық Оқушылар сарайы  Республикалық техникалық шығармашылық және өнертапқыш балаларды қарсы алды.  Бұл жарыстың ұйымдастырушылары Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің тапсырысы бойынша Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы болды.

Павлодар қаласына республиканың 14 облысынан техникалық шығармашылық бойынша жарыстардың жеңімпаз командалары келді, барлығы жалпы орта білім беру және қосымша білім беру мекемелерінен 128 оқушы қатысты. Үш күн ішінде жас өнертапқыштар әуе, зымыран, авто және кеме модельдеу және робототехника бойынша өз шеберліктерін көрсетті.

Серьёзная игра в машинки Серьёзная игра в машинки

Келген күні командалар жетекші педагогтердің шеберлік сабақтарына қатысты, балалардың өздігінен дайындаған үлгілерді көрсету бойынша шығармашылық конкурс өткізілді. Келесі күні қала сыртында жас авиа- және зымыран үлгілері жарысқа түсті. Төрт номинация бойынша еркін ұшу планерлердің 40-тан астам үлгілері қатысты, жалпы 14 зымыран ұшырылды. Сол уақытта Усолка жағалауында 30-ға жуық бала әртүрлі кластағы кемелер басқарудағы өздерінің біліктіктерін көрсете білді. Жарыстарда өз модельдеріне барлық шеберлігі мен қиялын салып орындаған  балалардың және тәрбиеленушілеріне бүкіл ықыласын салған жетекшілерінің жұмыс нәтижесінде көрінді. Қазылар алқасы құрамына павлодарлық ЖОО және колледждерінің педагогтері енізілген болатын. Барлық алаңдарда жарыстың, бірақ қатысушылар бір-біріне жанкүйер болып, қарсыластық сезім екінші орында болса,ең бірінші қатарда шеберлік, дарын және шыдамдылық болды.

Барлық облыстардың қатысушылары өз модельдерін дайындаудың жоғарғы деңгейін көрсетті және өз жұмыстарын М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайының шығармашылық көрмесінде ұсынды.Техникалық шығармашылық және өнертапқыштың Республикалық жарыстарының қорытындысы барлық делегациялардың өкілдері жиналған М.Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайы үлкен залының гала-концертінде шығарылды.

Люди и роботы Люди и роботы

Техникалық шығармашылық және өнертапқыштың Республикалық жарыстарының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімінде Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының директоры Раиса Петровна Шер, Павлодар облысы білім беру басқармасының басшысы Бахыт Макановна Бексеитова және тағы да басқа шенеуліктер болды. Барлық жеңімпаздар РҚББОӘО-ның бағалы сыйлықтарымен және медальдарымен марапатталды (3-ші орынға –электрондық кітап, 2-ші орынға – ұялы телефон, ал 1-ші орынға -планшет).

Павлодарлықтардың арасында «Авиамоделирование»:«F-2-A кордты жартылай көшірме кескінді» және «Планер F-3-J» екі бірдей номинациясы бойынша Олег Калинин 1-ші дәрежелі дипломмен марапатталып, ерекше көзге түсті.

Ал «Багги-10 Э» категориясында «Радиоуправляемые автомодели» номинациясы бойынша Олег 3-ші дәрежелі дипломына ие болды.

«Ф-2-Ю» категориясында «Судомоделирование» номинациясы бойынша павлодарлық Адам Мачалов 3-ші дәрежелі дипломға ие болды.

«Жалпы командылық» номинациясы бойынша қазылар алқасы Ақтөбе облысының командасы лайықты боды.

Жеңімпаз-командалар кубктар мен дипломдармен, планшет және бейнекамералар сияқты бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Балалардың осындай биік жетістіктері, ұлағатты ұстаздардың арқасында болды.

Конструкторы будущего Конструкторы будущего

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының алғыс хаттарымен Павлодар облысы білім беру басқармасының басшысы Бахыт Маканкызы Бексеитова, Павлодар қаласының техникалық мектебінің директоры Александр Николаевич Зозуля және техникалық шығармашылық орталықтарының директоры және Қазақстанның облыстарынан 24 ұстаз, олардың қатарында Павлодар облысының педагогтары Сергей Федорович Соц, Руслан Борисович Ильясов және Кайржан Каиртаевич Сырымов марапатталды.

Республикалық техникалық шығармашылық және өнертапқыштар жарысына келген барлық қатысушылар сертификаттармен марапатталды.

Гала-концертте «РҚББӘО» бейнефилімі және «Жарыс күнделігі» көрсетіліп, Оқушылар сарайының ең үздік «Вдохновение», театр-студия «Арман-шоу»,«Жас Дәурен» вокалдық, би, үлгілі театр ұжымдары өнерлерін көрсетті.

Көрермендерге сахнаға ұшып келген ракета және көрші Галактика тұрғындары – инопланетандар өте қызықты болып, есте қаларлықтай болды.
Осы жарысқа қатысқан барлық техника майталмандарына жарқын болашақ пен биік белестер тілейміз!

Техникамен әуестенген жастарды қандай жарқын болашақ күтіп тұр!

Біздің өлкемізде өткізген қызықты сәттер олардың естеріңде мәңгі қалсын!

Түсініктемелер қосу