Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар15735289
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 4786 15540 4786 15471449 389652 367126 15735289 Сіздің IP: 3.145.81.47
Уақыт: 2024-12-23 06:15:15
|
«Қазақстанның ең үздік жас теледидар тілшілері - біздікілер»
Наурыздың 26 – 29 күні аралығында Астана қаласында «Бақытты жұлдыз астында: біз жаңа әлемде өмір сүреміз!» атты XI балалар және жастар БАҚ ұйымдарының медиафестивалі өтті. Фестивальге еліміздің бірнеше аймақтарынан жүзге жуық жас тілшілер қатысты. Форумның қонақтары Якутия Саха республикасының өкілдері болды. М.Катаев атындағы Оқушылар сарайының «Луч» шығармашылық бірлестігінің қатысушылары «Ең үздік балалар қоғамдық телестудиясы» атты номинациясында гран-приге ие болды. Фестиваль кезінде «Жылдың жас тілшісі - 2015» атты конкурсы өткізілді. Осы конкурстың гран-приі «лучтерге» тиесілі болды. Ризат Рахимжанов «Жылдың жас тілшісі-2015» атты конкурсында I орынға және гран-приге иеленді. Еуразия университеті ректорынан оған ЕҰУ-не журналистика факультетіне түсу үшін жеңілдік беретін сертификат табысталды. Сонымен қатар, II орынға иеленген және биыл мектепті бітіретін, осы жоғарғы оқу орнына журналистика факультетіне түсуге жоспарлап жүрген Маржан Султумбаеваға осындай сертификат берілді. Андрей Концур «Жас фото тілшісі» атты номинациясында 1-ші орынға иеленді. «Луч» студиясының операторы мен монтажері Алдияр Бекмырзаға «Мамандыққа жол» атты номинациясында диплом табысталды. «Үздік интернет-қор» номинациясында Лейла Бакустарды дипломмен марапаттады. «Үздік танымал айдар» атты номинациясында «Луч» студиясының үйірмешілері Әсел Мұсалиева мен Әнель Кинжигожина марапатқа ие болды. «Біз өмірді тандаймыз» атты номинациясында «Луч» киностудиясының оқушылары бірнеше дипломдарға лайық болды. Олар Алиса Чудак, Андрей Гритчин және Екатерина Боцман иегер атанды. Ринат Жалтыров, Мирхат Базарбек, Ердана Кулембаеваға қатысқандары үшін грамотамен марапатталды. Олардың жетекшілері Даулет Даирбаев ЕҰУ-нің ректоры атынан алғыс хатқа ие болып, сонымен қатар «Жұлдыз» БҚҰО ҚБ-нің президенті Е.Дмитриенкодан «Балалар үшін» Алтын жұлдыз» атты төс белгісіне лайық болды. Ұйымдастырушылар М.Катаев атындағы Оқушылар сарайының директоры Алма Жұмабайқызы Ерубаеваны алғыс хатпен атап өтті. Форумның ашылуы Л.Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық Университетінде өтті, оның салтанатты рәсіміне «Луч» ШБ тұсаукесері, университет профессорларының журналистикадан шебер сабақтары таңдалды. Балаларға Казмедиа орталығында болған экскурсия естерінде қалды, себебі ол жерде «Евразия», «Хабар», «Астана», «Қазақстан» телеарналарының журналистерімен, операторларымен, монтажерларымен, режиссерларымен және продюсерлерімен сұхбаттасты. ҚР Тұңғыш Президенті мұражайында жас тілшілерге Нұрсұлтан Назарбаевтың марапаттарының бірегей коллекциясын, оның жұмыс кабинетін және әр елдер делегацияларының сыйлықтарын көрсетті. Брифингте «Нұр Отан» партиясының кеңсесінде жас тілшілердің сауалдарына ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Майра Аипова, ҚР БҒМ-нің балалар құқығын қорғау бойынша бас сарапшысы Клара Сейдахметова және Қазақстанда ЮНИСЕФ БҰҰ балалар қорының баспа орталығының жетекшісі Сұлтанбек Құдайбергенов жауап берді. Аталмыш фестиваль он бірінші рет өткізіліп отыр. Ұйымдастырушылары Л.Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық университетінің журналистика және политология факультетімен бірге «Жұлдыз» БҚҰО ҚБ және ҚР БҒМ балалар құқығын қорғау бойынша Комитеті болды. Елена Дмитриенконың сөзі бойынша «Бұл Қазақстандағы жас тілшілердің ең танымал форумы, себебі ол ақпараттық кеңістікті кеңейтіп, дарындыларды айқындауға мүмкіндік береді». |