Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

15735003
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
4500
15540
4500
15471449
389366
367126
15735003

Сіздің IP: 18.118.10.75
Уақыт: 2024-12-23 05:56:30

Инклюзия: үлкен әлемге қадам басу

Инклюзия: шаг в открытый мир Инклюзия: шаг в открытый мир

М.М.Катаев атындағы облыстық Оқушылар Сарайында «Оқу-тәрбие үрдісінде ерекше мұқтаждықтары бар балаларды шоғырландыру - балаларды табысты әлеуметтендірудің бір факторы» тақырыбына арналған педагогикалық кеңес өтті. Оқушылар сарайының оқу ісі бойынша директорының орынбасары Елена Ивановна Чидунчи  өз баяндамасында Қазақстандағы статистикалық деректерге мәселелері мен олардың шешу жолдарына тоқталды.  Бұл мәселенің шешуінің  бір жолы - мүгедектер құқықтары туралы Конвенциясында айтылған инклюзивтік (кірістіру, немесе интегралды) білім беру идеясын алға жылжыту.

Оқушылар сарайының үйірмешілері үшін қосымша білім беру табысты әлеуметтенудің бір факторы болып табылады.Ұжымында осындай балалары бар әр педагог өз пәні бойынша оқытудың интербелсенді түрі мен әдісін қолданып оларға дара жол табады.

Гүлнар Сыздықбекқызы Бектоғаева жетекшілік ететін «Мастерок» бастапқы техникалық үлгілеу үйірмесінде кәдімгі балалармен бірге мүмкіндіктері шектеулі балалар жұмыс жасайды. Бұл сабақ нәтижесінде балаларда шыдамдылық, зеректілік қалыптасады, қимыл қозғалыстары үйлесімділірек болады.

Мүмкіндіктері шектеулі балалардың шығармашылық қабілетін дамытумен «Палитра» бейнелеу студиясының жетекшісі Василина Александровна Дмитриева өз сабақтарында шұғылданады. Ол церебралды сал ауруына ұшыраған балаларды түзету және қолдаумен сурет салудың үлгісін мысал ретінде көрсетті.

Инклюзия: шаг в открытый мир Инклюзия: шаг в открытый мир

«Дебют» авторлық студиясының қосымша білім беру педагогы,сүйемелдеушісі Динара Зиятденқызы Қапарова «ерекше» балаларға арналған музыкалық терапияны мүмкіндіктерін сөз етті. Оңалту орталығының студияға қатысатын үш баласы арнайы тыныс алу гимнастикасының арқасында өздерінің өмірлік білік пен дағдыларын жақсартып қоймай, сонымен бірге сахнада табысты өнер көрсетеді.

Денсаулығының мүмкіндіктері шектеулі балаларға инклюзивтік білім беру бойынша «Рауан» әдеби студиясының жетекшісі Марина Владимировна Юрченко үлкен жұмыс атқарады.

Үйірмеде барлық балаларға бірдей кедергісіз орта құрылған. Ерекше балалар кәдімгі құрбы балалардың арасында жүріп, барлық конкурстар мен іс-шараларға қатысады, «Сенің әлемің» газетінде жарияланады.

Инклюзия: шаг в открытый мир Инклюзия: шаг в открытый мир

«Рауан» үйірмесінде шұғылданатын төрт баланың денсаулығы нашар соның ішінде балалар церебралды сал ауруының ауыр түрімен азап шегетін көру бойынша мүгедек 17-жасар Екатерина Семенистаяның жетістіктері барлығынан көп. Ол мүмкіндіктері шектеулі адамдар арасындағы бірқатар шығармашылық жарыстардың бірнеше жүлдегері: Республикалық «Жұлдызай» фестивалі, «Разные-равные» облыстық конкурсы, «Созвучие моей души» қалалық фестивалі және т.б. конкурстарға қатысты.

Педагог-ұйымдастырушы Самал Сағатқызы Сулейменова «ҮМІТ СӘУЛЕСІ» облыстық әлеуметтік-волонтерлік кешеңдік жобасын жүзеге асыру арқылы «ерекше» балалармен жұмыс жүргізудің жолдарын көрсетіп, тәжірибесімен алмасты.

Оқушылар сарайының педагогтері жұмыстың әртүрлі түрлерлін пайдаланып оқу-тәрбие үрдісіне, мүмкіндіктері шектеулі балаларды тарту бойынша жұмысты күшейтуге шешім қабылдады. Мысал ретінде, қашықтықтан оқыту, облыстың мамандарын шақырып, қосымша білім беру педагогтеріне арналған семинарлар өткізу, ерекше мұқтаж балалар мен ата-аналары үшін кеңес күндерін өткізу.

Түсініктемелер қосу