Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар18315376
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 18341 14969 61205 18010461 46257 380557 18315376 Сіздің IP: 216.73.216.206
Уақыт: 2025-07-03 22:29:17
|
Бүкіл әлем - сыйлыққа
Сол күні Оқушылар сарайына жаңа да жайлы планетарийді көру үшін облыстық балаларды сауықтыру орталығынан өз ұстаздарымен бірге балалар келді.Мүмкіндіктері шектеулі балаларға жайлы креслоларға жайғасып отыруға көмек көрсетілді. Планетарийде балалар ғарыш әлеміне аттанып, 3Д көзілдіріксіз көрсету мүмкіндігін сезінді. Қонақтардың назарына болашақта көре алатын фильмдерге қысқаша мәлімет беретін бейнетоптама ұсынылған болатын.Көрермендерге ашық аспан әлемінің ғажайып суреті ашылды: Сатурн, Ай және Меркурий қолжетімді арақашықтықта... Сфералық кинотеатрдан шығып, балалар дәл осындай жақындықта жұлдыздарды ешқашан көрмегенін айтты. Олар өздерін Күн жүйесінің ең ортасында болғандай сезініп,ғарыш,жұлдыздар жүйесі,аспан денелері туралы көп мәлімет алды.Бізде ашылған планетарий – Қазақстан бойынша екінші (біріншісі –астаналық балалар шығармашылығы Сарайында орналасқан)деген ақпаратты олар таңғалып қабылдады. Планетарийді көргеннен кейін балалардың бүкіл әлемде болып жатқан ғарыш барысын зерттеуге қызығушылықтары артты. |