Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

ekran diktor kaz

KPLeto2 kaz

amanat kaz

gossimv 23 kaz 2

polojeniya 23 kaz 2

mindal kaz

raspisanie 26 27 kaz 1

proekt 23 kaz

BIRTUTAS TARBIE

bala time kaz2

map kz

antikor

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

24590092
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
14990
20795
63406
24318214
374012
527623
24590092

Сіздің IP: 216.73.216.170
Уақыт: 2026-10-31 22:00:03

Ғарышпен тікелей байланыс

Ғарышпен тікелей байланыс Ғарышпен тікелей байланыс

10 қарашасында М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайында планетарийдің ашылуы өткізілді. Бұл Қазақстанда ашылған екінші кинотеатр. Біріншісі – Астанада орналасқан. Толық күмбезді кинотеатр павлодарлық балалар үшін нағыз сыйлық болып отыр. Ерекше кинотеатрдың алғашқы көрермендері – қала мектептерінің оқушылар мен мұғалімдері, Оқушылар сарайы үйірмелерінің тәрбиеленушілері. Олар әр түрлі фильмдердің үзінділері болып табылатын алғашқы көрсетілімді қызыға тамашалады.

Жақында балаларды жоспарлы кино көрсетілімдері күтіп отыр: жас көрермендер сфераның ішінде болып, күмбезге бағытталып көрсетілетін, астрономия, физика, биология, геология бөлімдерінен тұратын ғарыш туралы, ғаламшарлар жайлы оқу-танымдық және ғылыми фильмдер тамашалайды.

Ғарышпен тікелей байланыс Ғарышпен тікелей байланыс

«Сфералық кинотеатр облыстық әкімдік пен Қазақстанның тау-кен өндірісінің көшбасшыларының бірі болып табылатын Евразиялық Топпен жасаған меморандум негізінде облыстық Оқушылар сарайында ғылыми-техникалық бағытты дамыту жобасын жүзеге асыру мақсатымен ашылып отыр», - дейді облыстық Оқушылар сарайының директоры Алма Жұмабаевна Ерубаева.

Ғарышпен тікелей байланыс Ғарышпен тікелей байланыс

Ғаламшарлар, жұлдыздар және басқа да ғарыштық объектілер көрсетілетін дәстүрлі планетарийларға қарағанда, бұл құрылыстың ерекшелігі - арнайы проекторлар арқылы 180 градустан 360 градусқа дейін шолу жасалып, күмбезге шығарылатын толыққанды кино көрсетуінде. Көзәйнексіз тамашалауға болатын 3D. Көп функционалды толық күмбезді сандық жүйе – планетарий және керемет шоу. Күмбездің диаметрі – 7 метрден көп, ал экранның диаметрі – 8 метр, биіктігі – 4 метрден жоғары. Бұл ерекше көрермендерге арналған зал 4 арнайы қорғаныс қабаттарынан тұратын, қозғалмалы, мобильді құрылым.

Түсініктемелер қосу