Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12808064
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
5241
5749
28136
12574557
126517
375712
12808064

Сіздің IP: 3.135.183.89
Уақыт: 2024-04-19 16:16:38

«Луч» балалар киностудиясының мерейтойлық мерекесі

2014.05.11 03 «Луч» балалар киностудиясының мерейтойлық мерекесі

11 мамырда Павлодар облыстық Оқушылар сарайында  «Луч» балалар киностудиясының 35 жылдығына арналған мерекелік кеш өткізілді. Бұл шығармашылық бірлестікте кино, сапалы бейнеролик пен бейнефильм түсіруді үйренгісі келетін 100 астам ер балалар  мен  қыздар шұғылданады. Бүгінгі күні «Луч» шығармашылық бірлестікті оның тәрбиеленушілерінің жетістігінсіз елестету қиын.  2013 жылы «Луч» шығармашылық бірлестігінің тәрбиеленушісі Антон Концур «Детство без границ» Мәскеу қ. ХV халықаралық  фестивалінде  «Балалар әлеуметтік жарнамасының конкурсы» номинациясы бойынша  Шорынға ие болды. Жыл сайын «Луч» шығармашылық бірлестігі «Сынып өмірінен сюжет» деген атаумен балалар жасаған бейнероликтардың қалалық  конкурсын өткізеді, келесі жылы оны облыстық деңгейге көтеру  ұйымдастырушылар жоспарында. Балалардың Оқушылар сарайының сайтында парағы да бар.

2014.05.11 07 «Луч» балалар киностудиясының мерейтойлық мерекесі

«Луч» балалар киностудиясының көптеген түлектері кәсіби оператор, тілші  болып және теледидар жұмыс істейді. Олардың арасында   «Қазақстан – Павлодар» облыстық телеарна жүргізушісі мен тілшісі Александр Смирнов, «Ирбис - ТВ» қалалық телеканалдың  телеоператоры  Серік Қонақбаев,  республикалық «7 канал» телеканалалының телеоператор және бейнемонтаж инженері Артём Кохан, операторлар Алексей Омельницкий, Алексей Кот және басқалар. Кештің осы және басқа да қонақтарына естелікке «Үздік дәрежесі» дипломы табысталды.

Мерейтойлық салтанатты кешке  үйірме оқушылары, олардың ата-аналары  және әр жылдың түлектері жиналды. Оқушылар сарайының Үлкен залында жиналған қонақтардың назарына балалар киностудиясы, әр жылдары оған жетекшілік еткен- Сергей Лаврик, Дмитриий Твердохлебов және басқалар  туралы бейнефильм ұсынылды. Қазір «Луч» шығармашылық бірлестікті басқаратын Дәулет Даирбаев – ол өзі де осы Оқушылар сарайының балалар  киностудиясының тәрбиеленушісі.

Мерекелік концерттен соң қонақтар  «Луч» шығармашылық бірлестігінің жаңартылған кабинетіне экскурсияға барды. Оқушылар өздерінің бейнесюжеттері мен жаңалықтарын түсіретін заманауи құрал-жабдықтарын көрсетті.

Түсініктемелер қосу