Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

17749362
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
1210
13343
61063
17432108
200841
468472
17749362

Сіздің IP: 18.222.82.248
Уақыт: 2025-05-17 03:49:50

«TechFest-2025»: Павлодарлық оқушылар техникалық шеберліктерін көрсетті

«TechFest-2025»: павлодарские школьники продемонстрировали техническое мастерство «TechFest-2025»: павлодарские школьники продемонстрировали техническое мастерство
«TechFest-2025»: павлодарские школьники продемонстрировали техническое мастерство «TechFest-2025»: павлодарские школьники продемонстрировали техническое мастерство

11 сәуір күні М.М. Катаев атындағы Оқушылар сарайында дарынды жастардың басын қосқан ерекше шара – облыстық техникалық шеберлік көрмесі «TechFest» өтті. Көрме ғылыми-техникалық шығармашылықты дамыту, оқушылардың конструкторлық қабілеттерін қолдау мақсатында ұйымдастырылды.

«TechFest-2025»: павлодарские школьники продемонстрировали техническое мастерство «TechFest-2025»: павлодарские школьники продемонстрировали техническое мастерство 

2025.04.14 11 2025.04.14 12

Шараға Павлодар облысының жалпы білім беру мекемелерінен және қосымша білім беру ұйымдарынан бастауыш, орта және жоғары сынып оқушылары қатысты. Қатысушылар авиация, астрофизика және космонавтика салаларындағы макеттер мен үлгілерін көпшілік назарына ұсынды.
Көрме үш негізгі бағытты қамтыды:
– авиация (ұшақтар, тікұшақтар, ұшқышсыз аппараттар және т.б.);
– космонавтика және аэроғарыштық техника (зымырандар, спутниктер, ғарыш кемелері);
– астрофизика саласындағы зерттеу жобалары.
Іс-шара барысында оқушылар өздерінің ғылыми-техникалық білімі мен шығармашылық ойлауын нақты жобалар арқылы көрсетті. Әрбір жұмыс жас ізденіс пен еңбектің нәтижесі екені анық байқалды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай көрмелер жастардың болашақ мамандығын саналы таңдауға, техникалық ғылымдарға қызығушылығын арттыруға зор мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жас өнертапқыштарға өз жобаларын таныстырып, тәжірибе алмасуға жағдай жасайды.
Көрме қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:
1 орын:
- «Марстық оазис», Мұратова Аделия, КММ «Майқайың ЖОББМ №2»  
- «БИЛА ұшқышсыз ұшағы», Михаилиди Никита, Рочев Илья, КММ «Ертіс ЖОББМ №1»  
- MoonBot «Ай роботы», Мұрат Ралан, Қаныбек Асылбек, КММ «Майқайың жалпы орта білім беру мектебі №2»  
- «Ғалам заңдылықтары», Шәріпхан Ерболат, «Дарынды балаларға арналған №8 лицей»  
- «Ай фазаларының әсері», Пальгов Степан, А. Байтұрсынов атындағы мектеп
2 орын:
- NurSpace «Жарық ғарыш», Тыныбек Медина, Қайролла Жания, КММ «Майқайың жалпы орта білім беру мектебі №2»  
- «Авиация», Куприн Влад, №33 ЖОББМ  
- «Рефракция», Оленченко Михаил, А. Шамкенов атындағы мектеп  
- «Ұшу траекториясы», Духтурбаев Елхан, НЗМ ХБН  
- «Қолдан жасалған күн жүйесінің моделі», Имамғазина Карина, Павлодар қ. «Дарынды балаларға арналған №3 гимназия»  
- «Скафандрдың жетілдірілген нұсқасы», Төлеутай Айсара, Нариман Жанасыл, КММ «Майқайың №2жалпы орта білім беру мектебі»
3 орын:
- «Жойғыш ұшақ», Мұқышев Мақсат, КММ «Ұзынсу ЖОББМ» Ертіс ауданы  
- «Біз ғарышқа сенеміз», Желтикова Яна, КММ «Жанабет ауылының ЖОББМ»  
- «Жұлдыздарға жол», Булат Медина, КММ «Ертіс №1ЖОББМ»  
- «Зымыран моделі», Будиев Мансұр, Қабиденов Данай, Павлодар қ. «Дарынды балаларға арналған №3 гимназия»  
- «Ұшақтар», Әділбек Расұл, Мәшһүр Жүсіп атындағы мектеп  
- «Зымыран», Нагманов Ералы, №22 мектеп  
- «Қара құрдымдар», Сафонов Иван, Павлодар қ. №39 мектеп  
- «Фуко маятнигі», Шумакова Даная, А. Байтұрсынов атындағы мектеп  
- «Күн жүйесінің планеталары», Лидер Иван, №4 мектеп  
- «Зымыран тасығыш», Турекулова Дильназ, Турекулов Далиль, А. Байтұрсынов атындағы мектеп  
- «Шолпанның алмас айы», Ким Даниил, «Дарынды балаларға арналған №8 лицей»

«TechFest» көрмесі – бұл тек байқау емес, бұл – жастардың ғылымға, техника мен инновацияға деген ынтасын арттыратын маңызды алаң. Шара соңында қатысушылар дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

 

ДИПЛОМДАР МЕН СЕРТИФИКАТТАРДЫ ЖҮКТЕП АЛЫҢЫЗ

 

 

Түсініктемелер қосу