Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

14644675
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
3785
14706
49530
14356641
119571
356704
14644675

Сіздің IP: 44.222.134.250
Уақыт: 2024-10-11 07:35:17

Астроклуб — жұлдызды аспан әуесқойларының орны

 

Астроклуб — место для всех любителей звёздного неба Астроклуб — место для всех любителей звёздного неба
Астроклуб — место для всех любителей звёздного неба Астроклуб — место для всех любителей звёздного неба

«Антарес» астроклубының жаңа оқу жылы жұлдыздар аспаны асытнда толық айдың сиқырлы сәулесін бақылаумен өтті. Жайлы және танымдық атмосферада клуб қатысушылары телескоптар туралы дәріс тыңдап, түнгі аспанды бақылаудың әсерлі сәттерін тамашалады. Шараны ұйымдастырған - Оқушылар сарайының «Ғылым және техника» бөлімі, педагог Гулнар Баубекова және обсерватория меңгерушісі Виталий Радченко. Кездесуге астроклубтың астрономияға қызығушылық танытқан тәрбиеленушілері қатысты.

Астроклуб — место для всех любителей звёздного неба Астроклуб — место для всех любителей звёздного неба Астроклуб — место для всех любителей звёздного неба Астроклуб — место для всех любителей звёздного неба 

Астроклуб — место для всех любителей звёздного неба 2024.09.21 08

Кездесудің бірінші бөлімінде балаларға телескоптардың құрылымы, түрлері және олардың қызметі туралы айтылды. Обсерватория меңгерушісі Виталий Радченко дәрісті астрономияға енді қадам басқан жаңадан келгендер үшін де, клубтың тәжірибелі мүшелері үшін де қызықты және қолжетімді етіп өткізуге тырысты. Рефракторлар мен рефлекторлардың айырмашылықтары, айна-линзалық модельдердің ерекшеліктері және телескопты қалай дұрыс таңдау керектігі талқыланды.
Ерекше назар телескопты қалай дұрыс қолдану керектігіне және өз құрал-жабдықтарын сатып алуда нені ескеру керектігіне берілді. Тәрбиеленушілер белсенді түрде сұрақтар қойып, өз тәжірибелерімен және болашаққа деген жоспарларымен бөлісті.
Кездесудің екінші бөлімінде клубтың алдағы жоспарлары талқыланды. Жақын арада жұлдызды аспанды жақсырақ зерттеу үшін бірнеше қараңғы жерлерге сапарлар мен аймақтық астрономиялық конкурстарға қатысу жоспарлануда. Жоғарғы сынып тәрбиеленушілері жаңадан келгендерге бақылау техникасы мен астрономия негіздерін тез меңгеруге көмектесу үшін шеберлік сабақтарын өткізуге ұсыныс жасады.
Теориялық бөлімнен кейін ең көп күткен сәт — жұлдызды аспанды бақылау басталды. Кешкі аспан қатысушыларға телескоптар арқылы толық айды тамашалау мүмкіндігін ұсынды. Айдың беткі қабаты, оның кратерлері мен таулары — тәжірибелі астрономдарға да, айды алғаш рет жақыннан көргендерге де әсер қалдырды.
Одан кейін назар Сатурнға - Күн жүйесінің ең әсерлі ғаламшарларының біріне ауды. Ғаламшардың атақты сақиналары таңданыс тудырып, бақылаулардың жарқын сәтіне айналды. Балалар телескоптарды аспанға жылжыта отырып, бірнеше жарық жұлдыздарды да бақылап, өз ғылыми ашуларымен бөлісті.
– Бұл сәттер астрономияның тек ғылым ғана емес, сонымен қатар түрлі жастағы және дайындық деңгейі әртүрлі адамдарды біріктіретін өнер екенін тағы да дәлелдеді. Оқушылар сарайының астроклубы — әркімнің жаңа нәрсені біліп, жұлдызды аспанға деген құштарлығын бөлісетін орны. Біз жаңа қатысушыларды қабылдауды жалғастырып жатырмыз және ғарыш құпияларына қызығушылық танытқан балаларды сабақтарымызда көргенімізге қуаныштымыз, – деп атап өтті «Антарес» клубының жетекшісі Гульнар Баубекова.

 

Түсініктемелер қосу