Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

14478518
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
4841
13495
86915
14146822
310118
302882
14478518

Сіздің IP: 3.133.140.122
Уақыт: 2024-09-27 10:16:19

Оқушылар сарайының «Антарес» астроклубының түлектері - болашақ ғарыш зерттеушілері

 

Выпускники клуба «Антарес» Дворца школьников - будущие покорители космоса Выпускники клуба «Антарес» Дворца школьников - будущие покорители космоса
Выпускники клуба «Антарес» Дворца школьников - будущие покорители космоса Выпускники клуба «Антарес» Дворца школьников - будущие покорители космоса

Облыстық Оқушылар сарайындағы үйірмелер шығармашылықпен тығыз байланысты. Ұзақ жылдар бойы үйірмеге, студияларға қатысқан балалар болашақ мамандықтарын осы жерден таңдайды.

Выпускники клуба «Антарес» Дворца школьников - будущие покорители космоса Выпускники клуба «Антарес» Дворца школьников - будущие покорители космоса 

Выпускники клуба «Антарес» Дворца школьников - будущие покорители космоса Выпускники клуба «Антарес» Дворца школьников - будущие покорители космоса


- Астрономия жан-жақты сала, физика, химия, биологиямен байланысты. Бұл ғылыми-зерттеу жұмыстарының ауқымын кеңейтуге септігін тигізеді, – дейді «Антарес» астроклубының жетекшісі Гүлнәр Баубекова. – Облыстық Оқушылар сарайына келген бала, бірден облыстық маңызы іс-шараларға, олимпиада немесе ғылыми жоба жарыстарына қатысуға мүмкіндігі бар.
Гүлнәр Баубекованың айтуынша, бұл клубта оқушының сабаққа деген ынтасы молайып,  мұғалім оқушыны зерттеушілік әрекетке ынталандырады.
«Антарес» астроклубының 2024 жылғы түлектері космонавтиканы мамандық ретінде таңдайды. Бұл клубта өткен сабақтар олардың облыстық, республикалық деңгейдегі ғылыми жоба байқауларына белсене қатысуына мүмкіндік беріп қана қоймай, олардың мамандық таңдауына да септігін тигізді.
«Антарес» астроклубының түлегі Кирилл Сибилев бала кезінен ғарыш саласына қызыққан. Оқушының портфолиосында астрофизика саласындағы көптеген танымал ғылыми жарыстардың дипломдары мен сертификаттары бар. Сол себепті Кирилл емтихандарды сәтті тапсырып, Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университетінің грантын ұтып алды. Ол ғарыштық технологиялар факультетін таңдап, болашақ мамандығын астронавтикамен байланыстырды.
Хасенов Аспандияр «Антарес» астроклубының 2024 жылғы түлегі. Аспандияр жас кезінен астроклубқа келіп, көптеген республикалық, облыстық ғылыми жарыстарға қатысып үлгерді. Аспандияр Ақсу қаласының мектебінде оқып жүріп, Оқушылар сарайына сабаққа келуге ерінбеді.  Қазіргі таңда емтихандарын сәтті тапсырып, Астанадағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне әуе технологиясы мамандығына оқуға түсті.
Гайдунко Назар астроклубта оқып жүргенде колледж студенті еді. Ол қызықты форумдарға, конференцияларға, олимпиадаларға қатысты. Колледжді бітіргеннен кейін Назар Новосибирск мемлекеттік техникалық университетінің грантын жеңіп алып, биофизика мамандығы бойынша оқуын жалғастырды.
Қазіргі уақытта «Антарес» астроклубында оқушыларды қабылдау жүріп жатыр. 9-17 жас аралығындағы мектеп оқушылары үшін обсерваториясында сабақтар тегін өткізіледі.  Барлық ақпаратты @astro.pavlodar   клубының Instagram-парақшасынан біле аласыздар.
Ізденімпаз, еңбексүйгіш, болашақ ғарыш саласының жарық жұлдыздарын астроклубқа шақырамыз.

 

Түсініктемелер қосу