Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

11488194
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
3053
13242
55459
11205611
91792
303643
11488194

Сіздің IP: 34.228.52.21
Уақыт: 2023-12-09 07:26:35

Оқушылар сарайының астрономдары - Республикалық олимпиаданың жеңімпаздары

Астрономы Дворца – призеры Республиканской олимпиады Астрономы Дворца – призеры Республиканской олимпиады
Астрономы Дворца – призеры Республиканской олимпиады Астрономы Дворца – призеры Республиканской олимпиады

2023 жылыдң 5-8 қараша аралығында Ақтөбе қаласында оқушылардың «Әлем сенің қолыңда» атты ІІ республикалық астрономиялық олимпиадасы өтті. Олимпиаданың мақсаты - оқушылардың астрономия және ғарыштық зерттеулермен байланысты ғылым салаларына қызығушылығын арттыру, дарынды балаларды анықтау, астрономиялық үйірмелердің жұмысын жандандыру. Ұйымдастырушы - Облыстық Ақтөбе Планетарийі.

Астрономы Дворца – призеры Республиканской олимпиады Астрономы Дворца – призеры Республиканской олимпиады 

 
Павлодар облысынан командасына М.Катаев ат. Оқушылар сарайының «Антарес» астроклубының тәрбиеленушілері кірді. Олар: № 39 ЖОМ-нің 9 сынып оқушысы Муратова Арина, №3 гимназия 9 сынып оқушысы Титков Дмитрий, № 8 лицейдің 7 сынып оқушысы Садуев Алияр, №39 ЖОМ-нің 7 сынып оқушысы Аканов Руслан.
-Биыл олимпиада қазақтың тұңғыш профессоры – тілтанушы, филолог, қоғам және мемлекет қайраткері Құдайберген Жұбановты еске алуға арналды. Ол бірінші қазақ академиясының, КСРО Ғылым Академиясының филиалының құрылтайшыларының бірі болды. Байқаудың қазылар алқасының төрағасы Алматы қаласының Фесенков ат. астрофизика Институтының профессоры Любовь Илларионовна Шестакова болды. Олимпиадаға 30 білім беру мекемесінен барлығы 150-ден астам оқушы қатысты. Тапсырмалар күрделі болды.  Физика мен математика пәнің білуден басқа, бірқатар тапсырмалар астрофизиканы және аспан сферасында бағдарлау негіздерін үйренуді талап етті, - деді «Антарес» астроклубының жетекшісі Гульнар Баубекова.
«Антарес» астроклубының тәрбиеленушілері өздерінің жас санаттарында лайықты білімдерін көрсете білді. «Жеңіске жол» номинациясында Әлияр Сәдуев, Арина Мұратова және Руслан Ақанов дипломдармен марапатталды. Олимпиаданың үздік нәтижесін Дмитрий Титков көрсетіп, Республикалық олимпиаданың алтын медалін жеңіп алды. Жеңімпаздарды құттықтаймыз және оларға сәттілік тілейміз!

 

Түсініктемелер қосу