Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12881351
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
2692
18906
60024
12623686
199804
375712
12881351

Сіздің IP: 3.22.249.158
Уақыт: 2024-04-27 03:12:50

Павлодарлық астрономдар республикамыздағы үздік үштікке енді

Павлодарские астрономы вошли в тройку лучших в республике Павлодарские астрономы вошли в тройку лучших в республике
Павлодарские астрономы вошли в тройку лучших в республике Павлодарские астрономы вошли в тройку лучших в республике

2023 жылдың 22-30 сәуір аралығында «Бөбек» орталығының обсерваториясында ғарыш физикасы мен астрономия бойынша ғылыми Республикалық жарыс өтті. Жарысқа елімізден физика-математика мектептерінен 100-ден астам оқушы қатысты.
Ғылыми жарыстар Қазақстанның Тұңғыш астрофизигі - Түкен Биғалиұлы Омаровтың есімімен аталады. Төкен Биғалиұлы теориялық астрофизика саласындағы жетекші маман болды, ҚР ҰҒА академигі, көптеген жылдар бойы Нобель комитетінің құрамында болды.

Павлодарские астрономы вошли в тройку лучших в республике Павлодарские астрономы вошли в тройку лучших в республике 


Жыл сайын ғылыми жарыстардың ашылуы мен аяқталуына оның ұлы, ізбасары - Шыңғыс Түкенұлы Омаров боды. Ол  В. Г. Фесенков ат. астрофизика институтын басқаратын шебер астрофизик ғалым. Шыңғыс Түкенұлы қазіргі таңда АҚШ-тың Калифорния штатында жұмыс істейді Өзінің тығыз жұмыс кестесіне қарамастан  ғылыми жарыстың ашылуында онлайн форматта барлық қатысушыларға жылы сөздермен қолдау білдіріп, табыс тіледі.
Республикалық ғылыми жарыстарға ғылыми-зерттеу жобалары байқауы мен іріктеу олимпиадасы кірді. Іріктеу олимпиадасы үш турды қамтыды. Теориялық турда астрофизикадағы күрделі мәселелерді шешу қажет болды. Практикалық тур және бақылау туры, онда аспандағы шамдардың орналасуын білу және аспан сферасын бақылай білу қажет болды.
Республикалық ғылыми жарыстардың қазылар алқасының құрамы танымал адамдар болды.  Ұйымдастырушылар астрофизика ғалымдарын жарысқа шақырды, олар әр турды мұқият талдап, ең үздік оқушыларды анықтады.
Мысалы, қазылар алқасының төрағасы Бейсен Нұрзада Әбдібекқызы Қазақстанның алғашқы әйел астрофизигі болып табылады, ол көптеген жылдар бойы Астрофизика бойынша халықаралық іс-шараларда Қазақстан Республикасы құрамасының тәлімгері және жаттықтырушысы болды.
- Республикалық ғылыми жарыстардың бағдарламасы өте танымдық болды. Күн сайын балалар үшін ғалымдардың дәрістері, түнгі бақылаулары өткізілді. Ғылыми жарыстардан басқа, ұйымдастырушылар балаларға қала сыртында қызықты экскурсиялық бағдарлама дайындады, - деді «Антарес» астроклубының жетекшісі Гульнар Баубекова.
Павлодар облысы атынан М. М. Катаев ат. Оқушылар сарайының «Антарес» астроклубының тәрбиеленушілері қатысты. Өңіріміздің құрама командасына: Ақсу қаласы Қ.Сатпаев ат. дарынды балаларға арналған гимназиясының 10 сынып оқушысы Хасенов Аспандияр, Павлодар қаласы № 3 гимназиясының 10 сынып оқушысы Сибилев Кирилл, А. Шамкенов ат. мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы Браун Илья, БИЛ 9 сынып оқушысы Қаратай Диас енді.
Балалар іріктеу олимпиадасының барлық турларында үздік білім көрсетіп, үштікке еніп, жүлделі орындарға ие болды. Браун Илья олимпиаданың теориялық турында өте жақсы ұпай жинап, 3-ші орынға ие болды. Сибилев Кирилл олимпиаданың практикалық турында 3-ші орынға ие болды және Каратай Диас іріктеу олимпиадасында да жақсы өнер көрсетті, ол 3-ші орынға ие болды. Ғылыми-зерттеу жобалары байқауында балалар жарықтың ластану проблемаларын шешу туралы өз жұмыстарын ұсынып, топта сөз сөйледі. Кирилл мен Диастың жұмысы 3 орынға ие болды. Павлодар облысы құрамасының басшысы Гүлнар Қайрболатқызы Баубекова  алғыс хатпен марапатталды.

 

Түсініктемелер қосу