Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12873017
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
13264
4587
51690
12623686
191470
375712
12873017

Сіздің IP: 18.218.254.122
Уақыт: 2024-04-26 17:03:22

«Малая Медведица» олимпиадасы жас астрономдарды Сібірде қарсы алды

 

"Малая Медведица" встречала юных астрономов в столице Сибири "Малая Медведица" встречала юных астрономов в столице Сибири
"Малая Медведица" встречала юных астрономов в столице Сибири "Малая Медведица" встречала юных астрономов в столице Сибири

2023 жылдың 2- 7 ақпан аралығында Новосібір қаласының «Планетарий» балалар -жасөспірімдер орталығында 5-7 сынып оқушыларына арналған III Астрономиялық олимпиадасы өтті. Ұйымдастырушылар астрономиялық халықаралық қоғамы, планетарийлер қауымдастығы, РҒА астрономия жөніндегі ғылыми кеңес, Үлкен Новосібір планетарийі, жастар білім беру ғарыш орталығы (Звездный городок) және Новосібір қаласының білім департаменті болды.

"Малая Медведица" встречала юных астрономов в столице Сибири "Малая Медведица" встречала юных астрономов в столице Сибири 

"Малая Медведица" встречала юных астрономов в столице Сибири "Малая Медведица" встречала юных астрономов в столице Сибири

"Малая Медведица" встречала юных астрономов в столице Сибири "Малая Медведица" встречала юных астрономов в столице Сибири 

"Малая Медведица" встречала юных астрономов в столице Сибири "Малая Медведица" встречала юных астрономов в столице Сибири

 
Ғылыми жарыстың қазылар алқасында танымал адамдар болды. Ұйымдастыру комитетінің төрағасы Михаил Гаврилов физ. - мат ғылымдарының кандидаты, РҒА астрономия жөніндегі Ғылыми кеңесінің ғылыми хатшысы, Халықаралық және Тынық-Азия мұхитының астрономиялық олимпиадасының төрағасы. Қазылар алқасында: Николай Самус - физика-математика ғылымдарының докторы, РҒА астрономия институтының жетекші ғылыми қызметкері, «Астрономиялық қоғам» халықаралық қоғамдық ұйымының тең төрағасы және Сергей Масликов - физика-математика ғылымдарының кандидаты, Новосібір астрономиялық қоғамының президенті, «Малая медведица» олимпиадасының авторы. «Малая медведица» 70-тен астам қатысушыны жинады. Ғылыми жарыстарға теориялық, аспан күмбезінің астында, шығармашылық кезең және командалық есеп атты 4 тур болды. Қатысушылар үшін қызықты ғылыми жарыстардан басқа ойын-сауық бағдарламасы дайындалды.
Балалар Новосібір хайуанаттар бағына барды. Онда жақында ақ аюлар, Океанариум пайда болған екен. Жер эволюциясы мұражайына, технопаркте қыдырып сонымен қатар балаларға Сібір астанасы - Новосібір бойынша экскурсия ұйымдастырылды. Топ жетекшілері дөңгелек үстел жұмысына қатысты, онда әрқайсысы өз аймақтарындағы астрономияны насихаттау туралы айтып, тәжірибелерімен бөлісті. Барлық қатысушылар Сібір мемлекеттік геожүйе және технология университетінің кіші планетариіне барды.
Қазақстан Республикасы атынан М.М.Катаев ат. Оқушылар сарайының  «Антарес» астроклубы барды.  
Командаға Добровольский Кирилл, Павлодар қаласы № 4 ЖОББМ-нің 7 сынып оқушысы, Майданов Адлен, Павлодар қаласы № 4 ЖОББМ-нің 7 сынып оқушысы, Садуев Алияр, № 8 лицейінің 6 сынып оқушысы,  Сагындык Асанали, № 8 лицейдің 5 сынып оқушысы,  Шарипхан Ерболат, № 8 лицейдің 5 сынып оқушысы, Духтурбаев Елхан, № 11 ЖОББМ-нің 5 сынып оқушысы кірді. 7 сәуірде олимпиаданы ұйымдастырушылары жас павлодарлық астрономдарды ғарышкер Михаил Корниенкомен кездесуге шақырды.
Михаил Борисович жас астрономдардың сұрақтарына жауап беріп, Байқоңыр ғарыш айлағы туралы жақсы естеліктерімен бөлісті, қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетовпен жұмыс туралы айтып, оған үлкен сәлем жолдады.
-Біздің клубтың тәрбиеленушілері барлығы  бірінші оқу жылының оқушылары. Команданың қатысуының мақсаты олимпиадалық резервті қалыптастыру болды, өйткені негізгі астроолимпиадалар жоғары сыныптардан басталады. «Малая медведица» жас қатысушыларды қабылдады, бұл жаңадан келгендердің әлеуетін бағалауға және команданы республикалық және халықаралық іс-шараларға дайындауға мұқият қарауға мүмкіндік береді. Олимпиада қорытындысы бойынша біздің балалар жүлделі орындарға ие болды: Шәріпхан Ерболат - 2 орын және Духтурбаев Елхан - 3 орынға қол жеткізді. Ұйымдастыру комитетінің төрағасы Михаил Гаврилов дайындық бойынша құнды нұсқаулар беріп, біздің құраманың жақсы білім деңгейін атап өтіп, балаларға сәттілік тіледі, - деді астроклуб жетекшісі Гүлнар Баубекова.

 

Түсініктемелер қосу