Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар20640361
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 14851 12349 14851 20361407 408039 381361 20640361 Сіздің IP: 216.73.216.209
Уақыт: 2025-12-29 21:33:33
|
Оқушылар сарайында экология мәселелеріне қатысты облыстық конференция өтті
2023 жылдың 24 ақпан күні М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайында «Мектеп оқушыларына экологиялық білім мен тәрбие берудің тиімділігін арттыру жолдары» атты облыстық конференция өтті. Конференцияға облыстың мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Проскурякова Е.Г., Бейсекеева А.А., Павлодар қаласының №7 мектеп-интернатының мұғалімі Бакирова Г.А., Ә.Марғұлан атындағы ПМПУ профессоры Хамзин Ш.Ш., «Ашық жүрек» қоғамдық қорының өкілі Оспанова М.М., Павлодар қаласы мектептерінің оқушылары қатысты. Оқушыларды тәрбиелеу тұжырымдамасы аясында экологиялық шараларды ұйымдастыру мәселелері қарастырылды. Алдағы оқу жылына мектеп оқушыларының экологиялық мәдениеті мен сауаттылығын арттыру жоспары талқыланды.А.Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің профессоры Хамзина Шолпан Шәпиевна Павлодар облысының мектептерінде «Жасыл мектеп – жасыл сынып» жобасын жүзеге асыру туралы ұсыныс жасады. |














