Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Қосымша ақпарат 

Біздің қатысулар 

8856069
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
5256
8526
26446
8633072
245647
286442
8856069

Сіздің IP: 18.232.127.73
Уақыт: 2022-11-30 17:43:58

Біздің астрономдар Республикамызда үздік деп танылды

Наши астрономы лучшие в Республике Наши астрономы лучшие в Республике
Наши астрономы лучшие в Республике Наши астрономы лучшие в Республике

Ақтөбе облыстық планетарийінде алғаш рет А. Байтұрсыновтың 150 жылдығына арналған астрономия бойынша I Республикалық олимпиада өтті.

Наши астрономы лучшие в Республике Наши астрономы лучшие в Республике 

Наши астрономы лучшие в Республике Наши астрономы лучшие в Республике

Наши астрономы лучшие в Республике Наши астрономы лучшие в Республике

Іс-шараға Астана, Ақтөбе, Орал, Түркістан, Тараз, Қызылорда, Қостанай, Атырау және Павлодар қалаларының командалары қатысты. 24-27 қазан аралығында өткен ғылыми сайыста 60-тан астам жас астрономдар бақ сынады.
Павлодардың атынан М.М. Катаев атындағы оқушылар сарайының "Антарес" астроклубының тәрбиеленушілері қатысты. Облыстық құраманың құрамына 4 жас жеткіншектер кірді. Аға буын өкілдері: Диас Қаратай, БИЛ лицейінің 9 сынып оқушысы; Даниил Ким, №8 лицейдің 8 сынып оқушысы. Балалар жеке есепте 3-ші орынға ие болды. Кіші жас тобында: Ерболат Шәріпхан, №8 лицейдің 5 сынып оқушысы; Елхан Духтурбаев, №11 ЖОББМ 5 сынып оқушысы. 2-ші орынды Олимпиаданың ең жас қатысушысы Ерболат Шәріпхан иеленді.
Ең жоғары баллды жинаған Елхан Духтурбаев  1-ші орынға ие болды.  Кішкентай астрономдарды Қазақстанның үздік астрофизик ғалымдары бағалады. Жоғары бәсекелестікке қарамастан, "Антарес" астроклубының командасы әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық институтының "Республикалық Олимпиададағы ең жоғары көрсеткіштері бар үздік команда" номинациясымен марапатталды.
- Олимпиада алдында біз аптасына 3 рет екі сағаттан жаттығатынбыз. Жүйелі түрде жақсы дайындық және балалардың астрономиямен айналысуға деген ұмтылысы әрқашан жақсы нәтиже береді.  Өздерін көрсетіп қана қоймай, Павлодар облысының абыройын асқақтатқан осындай болашағы зор балаларды тапқанымызға өте қуаныштымын, - деді Павлодар құрамасының басшысы Гүлнар Баубекова. Республикалық олимпиада жүлдегерлерін дайындағаны үшін Гүлнар Қайрболатқызы ұйымдастырушылардан алғыс хатпен марапатталды. Байыпты жарыстан кейін балалар үшін ойын-сауық бағдарламасы дайындалды: концерттер, облыстық өлкетану мұражайына экскурсия және тағы басқалар. Павлодар командасы қайғылы қазаға ұшыраған ғарышкер Виктор Пацаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қоюға қатысты. Бұл іс-шарада ерекше оқушылардың есінде қалғаны Ақтөбе қаласының әскери авиация Институты негізінде өткізілген шеберлік сабақтар. Бұл сабақтарды әскери болашақ ұшқыштар өткізді.

 

Түсініктемелер қосу