Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

15087962
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
1414
8541
50011
14727551
109451
453407
15087962

Сіздің IP: 18.118.10.36
Уақыт: 2024-11-09 05:15:25

Оқушылар сарайының жас зерттеушілері бірегей туындыларын ұсынды

Юные новаторы Дворца школьников представили уникальные работы Юные новаторы Дворца школьников представили уникальные работы
 

12 сәуір – әйгілі ғалым Қаныш Сатпаевтың туған күні. Еліміз бұл айтулы күні Ғылым күнін тойлайды. Жыл сайын Торайғыров университетінде Халықаралық деңгейге ие болған Сатпаев оқулары өткізіледі. Биыл бұл конференцияға сегіз бағыт бойынша 1200 ғылыми мақалалар жіберілген болатын.

Юные новаторы Дворца школьников представили уникальные работы Юные новаторы Дворца школьников представили уникальные работы 

 

Аталмыш шараға М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайының «Антарес» астроклубының тәрбиеленушілері қатысты. Оқушылар секция жұмыстарына ғана қатысып қоймай, Павлодар облысының әкімі Абылқайыр Скаковқа өз жұмыстарын баяндап берді.  
«Астрономияның және астрофизиканың өзекті сұрақтары» секциясында біздің тәрбиеленушілеріміз Ярослава Кравчук өз жұмысын ұсынды. Жас жеткіншек өте күрделі тақырыпты тандаған болатын.  Ол «Қаныш» атты ғарыш аппаратының құрылысын ұсынды. Бұл жобаның жұмыс принципі – ғарыш кемесі кометалар мен астероидтардың бетінен топырақ пен мұзды жинап, оны сутегі отынына айналдыру.
Жас өнертапқыштар Алияр Садуов пен Сагындык Асанали «Биотехнология» секциясында шыбын-шіркейлерді жою құрылғысын ұсынды. Бұл құрылғының жұмыс принципі - жәндіктер құрылғының қақпағына орнатылған қыздыру элементтері бар түтіктер арқылы ұшады.
Жәндіктердің қанаттары отқа күйіп, ұсақталып тегістегіште тартылады. Ол күн батареяларында жұмыс істейтін болады. Кішкентай түйіршіктерге ұсақталған және сығымдалған шыбын-шіркейлерді балықтың қорегі ретінде пайдалануға болады. Ғалымдар жас зерттеушілерге ойлап тапқан ғылыми жұмыстарын патенттеп, оның тұрмыста  жүзеге асыруға кеңес берді.
Біздің барлық тәрбиеленушілер 1 дәрежелі дипломдарға ие болды.
Қазіргі таңда  балалар 24 сәуірден 1 мамыр аралығында Алматы қаласындағы «Бөбек» орталығында өтетін Т.Омаров атындағы ғылыми республикалық жарысқа дайындалу үстінде.

 

Түсініктемелер қосу