Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12815825
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
5460
7542
35897
12574557
134278
375712
12815825

Сіздің IP: 18.219.63.90
Уақыт: 2024-04-20 20:12:49

Астрономия әлемі

Астрономия для всех Астрономия для всех
Астрономия для всех Астрономия для всех

2022 жылдың 28 ақпан 6 наурыз аралығында Алматы қаласында «Бөбек» обсерваториясының негізінде облыстық физика-математика мектептерінің оқушылары үшін Республикалық астрономиялық практикум өтті.

Астрономиялық семинар мектеп оқушыларының астрономия бойынша теориялық және практикалық білімдерін тереңдету және дарынды балалармен жұмыс тәжірибесін обсерватория тәжірибесіне енгізу, сондай-ақ ғарыш туралы білімдерін зерттеу мақсатында өткізіледі. Технологияларды тәжірибеде қолдану, дарынды мектеп оқушыларын анықтау, оларға мамандық таңдауда көмек көрсету, халықаралық астрономиялық олимпиадаларға, турнирлерге қатысуға дайындау. Астропрактикум бағдарламасы астрономия және астрофизика бойынша күнделікті сабақтарды, лекциялар мен практикалық сабақтарды, жұлдызды аспанды кешкі бақылауларды, сондай-ақ адамгершілік, рухани және ғарыштық тәрбиені біріктіру бойынша дәрістерді қамтыды. Оқытуды қазақ және орыс тілдерінде жоғары білікті мамандар жүргізді. Астрономиялық практикумдағы қатысушыларға Әль Фараби атындағы ҚАЗҰУ-нің және  В.Г.Фесенкова ат. Астрофизика институтының ғалымдары, астрономдары мен физиктері дәріс оқыды. М.М.Катаев ат. Оқушылар сарайының «Антарес» астроклубының тәрбиеленушілері Павлодар облысының намысын қорғады. Сибилев Кирилл, Манабаев Сарман, Хасенов Аспандияр астрофизикадан осындай республикалық іс-шараға қатысқан болатын. Ким Даниил және Топанов Мубарак атты оқушыларға бұл астрофорум қиынға соқса да, алдарына қойылған есептердің шешімін дұрыс шығарды. Оқушылар практикум аяқталған соң сертификаттарға ие болды. Балаларға танымдық лекциялар, тартымды және қиын тапсырмалар, кешкі аспанды бақылау қатты әсер етті.

 

Түсініктемелер қосу