Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

15723443
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
8480
12744
95752
15337407
377806
367126
15723443

Сіздің IP: 3.149.29.190
Уақыт: 2024-12-22 15:58:01

«Антарес» астроклубының түлектері сыр шертеді

 

Говорят выпускники астроклуба «Антарес» Говорят выпускники астроклуба «Антарес»
Говорят выпускники астроклуба «Антарес» Говорят выпускники астроклуба «Антарес»

Мамандық таңдауда сәтте әр адам қобалжып, көп ойланады.

Говорят выпускники астроклуба «Антарес» Говорят выпускники астроклуба «Антарес» 

Оқушылар сарайының Антарес астроклубының тәрбиеленушілеріне болашақ мамандықты таңдау жеңіл болды. , өйткені клубтың қызметі астрономия және физика сияқты  пәндерді зерттеумен байланысты. Астроклубтың жұмыс және өздерінің болашақ мамандықтары жайлы клубтың жоғары тобының оқушылары баяндап береді.  
Еренғайып Қобланды – астроклубтың алғашқы оқушысы, қазіргі таңда Германия еліндегі Нордхаузен қаласының Studienkolleg техникалық бөліміне оқуға қабылданды. Болашақта Қобыланды зымыран саласы бойынша білімін жалғастыруды жоспарлап отыр.
Олимпиадалар мен жарыстарға қатысу әлемнің үздік университеттеріне түсуге астроклуб мүмкіндік бере ме? - деген сұраққа Қобыландының жауабы: «Әрине! Бұл баға жетпес тәжірибе және мұндай жарыстар мен олимпиадалардағы тапсырмалар оқушының мектеп бағдарламасынан тыс пәнді білуі керек екенін көрсетеді, сондықтан оқуға түскен кезде сіздің салаңыз бойынша пәніңізді тапсыру әлдеқайда жеңіл болады. Әдетте бұл математика, физика. Неліктен астрономияны оқу керек? Астрономия барлық ғылымдардың ең үздігі екенін ескеру керек.
Лаура Макишева болашақ мамандығын астрономия саласымен байланыстырмаса да, бүгінгі күнге дейін клубтың ішінде өткізген іс-шаралар есінде.   
Лаураның айтуы бойынша: «Мен Жоғары экономика мектебінің студентімін, «Халықаралық бизнес, менеджмент және аналитика» бағдарламасы бойынша» оқып жүрмін. Сонымен қатар Америкалық биотехнология компаниясында жұмыс атқарып келемін.
Жарыстар мен олимпиадалардың жеңімпазы болу үшін үлкен дайындық қажет, және өзіне деген сенімділік керек. Ең үздік болу үшін ең алдымен өз-өзінді жеңу керек. Адам баласы бір рет жеңіске жеткен соң, шабыты оянып, кез келген шыңға жетуге күш-жігері артады.  Мен Ресейдің ең үздік университетіне түсіп, олимпиаданың арқасында ғана Ресей Федерациясының үкіметінің грантымен білім алдым. Мен Халықаралық жастар олимпиадасының жеңімпазы атанып, нәтижесінде маған университетте 40-тан астам бағдарлама бойынша грант ұсынылды. Олимпиадаға қатыспас бұрын мен мұндай  халықаралық деңгейдегі олимпиадаға дайын емес едім. Осындай олимпиадаға қатысқан үшін өзімді өте сабырлы ұстадым. 8-сынып оқып жүргенімде конкурс қорытындысы бойынша Новосибирск НМТУ-ға түсу үшін ұпай жинадым, бұл да жақсы  нәтиже болды. Мен өз өмірімді астрономия саласымен байланыстырмаймын, бірақ қазіргі таңда осы сала бойынша фильмдер қарап, зерттеулерді оқимын. Біріншіден ғалам туралы түсінігім қалыптасып, ненің қалай жұмыс жасайтыны туралы ақпар жинадым.  Сонымен қатар аналитикалық ойлауым жоғары болды. Қазір мен әлемнің түкпір-түкпірінен келген ғалымдардың арасында астрономияны жақсы көретін компанияда жұмыс істеймін. Астрономия саласы бойынша бір тақырыпта сұхбат құрамыз. Астрономия және «Антарес» клубы менің өмірімнің құрылуына қатты әсерін берді. Өзіме сенім мен ғылымның биік шыңдарын бағындыруға деген құлшынысы болмағанда, бәлкім, қазіргідей болмас едім. Антарес астроклубының тәрбиеленушілерінің бірі Қаратай Әмір Жаманшин метеорит кратерін зерттеуга қатысты. Алматыдағы «Бөбек» республикалық орталығының іс-шараларына, Сәтбаев оқуларына, Новосібірдегі Сібір астрономиялық форумына қатысты. Қазан университетінде Ғарыш мектебінде оқыды. Қазіргі таңда Назарбаев Университетінің foundation бағдарламасы бойынша  студенті атанды.
Біз Әмірге астрономияны не үшін оқу керек? Және олимпиадаға қатысу керек пе? – деген сауалды қойдық.Әмірдің айтуы бойынша: «Әрине, олимпиаданың маңызы зор». Мысалы, республикалық және халықаралық олимпиадалардағы орындар шетелдік және ұлттық университеттерге түсу үшін табыстың кілті болуы мүмкін. Жалқау болмай, көп еңбектену керек. Астроклубтың түлегі Беличенко Алексей өзінің болашақ мамандығын астрономия саласымен байланыстырды. Жұлдызды қалашықта, Космонавтика мұражайында, Ресей мен Қазақстан қалаларының планетарийлерінде, Мәскеу авиация институтында, Қазан федералды университетінде, Павлодар мемлекеттік университетінде өткізілген іс-шараларда тәжірибесі бар.
Астроклубта оқыған жылдары Алексей  жетістіктер портфолиосын жинады және қазір Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің бюджеттік бөлімінде астрофизика мамандығы бойынша білім алуда. Айтпақшы, қысқы демалыс кезінде Алексей өзінің туған астроклубына қонаққа келіп, студенттік өмірі жайлы айтып берді. Бұл ортада шәкірттерді әрқашан еске алып, күтеді. Біздің барлық түлектерімізге өмірде сәттілік, ал Оқушылар сарайының барлық тәрбиеленушілеріне болашақ мамандығын таңдауда ақ жол тілейміз.

 

Түсініктемелер қосу