Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

15723544
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
8581
12744
95853
15337407
377907
367126
15723544

Сіздің IP: 3.138.179.120
Уақыт: 2024-12-22 16:02:01

Павлодарлық оқушылар қазақ даласының мифтері мен аңыздары жайлы айтып берді

 

О мифах и легендах казахской степи рассказали юные школьники Павлодара О мифах и легендах казахской степи рассказали юные школьники Павлодара
О мифах и легендах казахской степи рассказали юные школьники Павлодара О мифах и легендах казахской степи рассказали юные школьники Павлодара

М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайында қараша айының соныңда «Қазақ даласының мифтері мен аңыздары» атты челлендж басталып, ал оқушылардың қысқы демалысы кезінде челлендждің қортындысы анықталды.

Балаларға қазақ даласының аспанмен байланысқан аңыздары туралы деректерді табу тапсырмаға берілген болатын, өйткені ертедегі көшпелі қазақ халқы жұлдыздар, Күн мен айды басшылыққа алған еді.
Челлендждің ең үздік қатысушылары М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайының Обсерваториясына экскурсияға және Планетариге кино қарауға шақырылды.
Наурызбай Диханәлі Ғаламның басына түскен жағдай туралы аңызды айтып берді. Аңызда әлемдік құрылымның пайда болуы, Тәңір құдайы бейберекетсіздікті тоқтатуды ұйғарып, аспан мен жердің арасына алтын қазық қаққаны туралы айтылады. Тәңірінің алтын қазығы аспан мен жерді бекітіп, таяқтың ұшы Ай, Жұлдыз, Күн жолын ұстап тұратын дүниенің нүктесіне айналды.
Мусабекова Малика Құс жолының шығуы немесе қазақ халқы «Құс жолы» деп атағандығы туралы аңыз тапты. Аңыз бойынша, Құс жолы - Тәңір құдайының белдеуі, ол аспанды белдеуімен бекітіп, күзде оңтүстікке, көктемде кері ұшқан құстарға жол көрсетеді.
Закарина Аида челлендж қатысушыларына Елорданың дәл ортасында орналасқан ескерткіш – Бәйтерек туралы әдемі аңызды жеткізді.
Аңыз бойынша, Бәйтерек – діңі екі дүниені байланыстыратын өмір ағашы. Ең басында, ағаш бұтақтарының арасында ертегідегі Самұрық құсы өмір сүрді. Ол жыл сайын ағаштың тәжіне алтын жұмыртқаны - Күнді ағаш түбінде өмір сүрген Айдаһар жұтқан. Бұл жақсылық пен жамандықтың мәңгілік күресін, жыл мезгілдері мен күн мен түннің ауысуын білдірді.
Қатысушылар арасында ең кішкентай оқушылар да болды.
Каирденов Карим қазақ шоқжұлдыздарының атаулары, көшпелі халық үшін жұлдызды аспанның мәні туралы айтып берді. Дауренбеков Ансар
хан мен оның қызы Ай туралы түркі халықтарының мифтері туралы айтып, онда Айдың неге бозарып және мұңды екенін баяндады.
Челлендж жұмыстары арасында аспан туралы қызықты мифтер мен аңыздар өте көп боды. Барлық қатысушыларға шығармашылықтары үшін алғыс білдіреміз. М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайының Астроклубтың келесі челленджі сәуір айына жоспарланып отыр.

Түсініктемелер қосу