Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

15087960
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
1412
8541
50009
14727551
109449
453407
15087960

Сіздің IP: 18.217.174.145
Уақыт: 2024-11-09 05:15:22

Астроклуб тәрбиеленушілері – Республикалық ғылыми жарыстың қатысушылары

Воспитанники астроклуба – участники Республиканских  научных соревнований Воспитанники астроклуба – участники Республиканских научных соревнований
Воспитанники астроклуба – участники Республиканских  научных соревнований Воспитанники астроклуба – участники Республиканских научных соревнований

18-26 сәуір аралығында Алматы қаласындағы «Бөбек» ұлттық ғылыми практикалық оқыту орталығының обсерваториясында астрономия және ғарыш физикасы бойынша республикалық ғылыми жарыстар өтті. Ғылыми жарыстар атақты қазақстандық астрофизик Түкен Биғалиұлы Омаровтың есіміне берілген болатын.

Воспитанники астроклуба – участники Республиканских  научных соревнований Воспитанники астроклуба – участники Республиканских научных соревнований
Воспитанники астроклуба – участники Республиканских  научных соревнований Воспитанники астроклуба – участники Республиканских научных соревнований

Қазылар алқасының құрамында В.Г.Фесенков атындағы астрофизика институтының, М. Х. Дулати атындағы Тараз аймақтық университетінің және Аль- Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің танымал ғалымдары кірді. Қазылар алқасының бір мүшесі физика-математика ғылымдарының кандидаты Терещенко Владимир Михайлович кезінде танымал ғалым Түкен Омаровпен бірлесіп жұмыс атқарған болатын.

Аталмыш жарыста Павлодар облысының құрамын М.Катаев атындағы Оқушылар сарайының «Антарес» астроклубының тәрбиеленушілері Манабаев Сарман, Мельниченко Богдан, Сибилев Кирилл, Браун Илья таныстырды. Бір апта ішінде жас астрономдар жарыстың барлық кезеңдеріне қатысып, турнирдің теориялық және практикалық есептерін шешіп, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен ерекшеленді.

Богдан Мельниченко мен Сарман Манабаевтың жұмыстары практикалық дағдыларды қолдануға арналған, бақылау астрономиясының ерекшеліктерін айқын көрсетті. Балалар Меркурий планетасы туралы бақылауларын ортаға салды. Бұл планета аз зерттелген, оны байқаудың көптеген қиындықтары бар, Күнге жақындығы көптеген кедергілерді туғызады. Астрономдардың жобасы 2-ші орынға ие болды.

Илья Браун және Кирилл Сибилевтің жұмыстары 3-ші орынға жайғасты. Жоба спектрлерді зерттеумен байланысты. Исаак Ньютон, Густав Кирхгоф сияқты әйгілі ғалымдар бұл зертеулермен ерте кезден айналысқан болатын. Оқушылар спектрдің таңғажайып қасиеттері туралы, тіпті мектеп оқушылары оларды қалай зерттеп, талдай алатындығы туралы әңгімеледі.

Наурыз айында «Бөбек» орталығының обсерваториясының негізінде өткен республикалық астропрактикумға қатысты. Дәрісті ғылыми жарыстардың қазылар алқасының құрамына енген Владимир Михайлович Терещенко, Нұрзада Әбдібекқызы Бейсен және тағы басқа атақты ғалымдар оқыды.

Түсініктемелер қосу