Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар22607459
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 6123 6125 42941 22358942 92275 338951 22607459 Сіздің IP: 216.73.216.205
Уақыт: 2026-06-13 20:26:53
|
«Антарес» астроклубы ғарыш мерекесіне арналған іс-шаралардың қортындысын шығарды
Ю. А. Гагариннің ғарышқа ұшқанына 60-жыл толуына орай «Антарес» астроклубы көптеген іс-шараларды ұйымдастырды. 2021 жылдың 12 сәуір күні Оқушылар сарайының обсерваториясынан тікелей эфир өтті.
Ақсу қаласы Гагарин орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Дакей Аймерей байланысқа шықты. Аймерей мектеп мұражайындағы оқушылар жасаған ғарыштық модельдер, кітаптар және сирек кездесетін ескі заттар туралы айтты. Олардың арасында әйгілі павлодарлық фотограф және журналист Владимир Бугаев музейге ұсынған Ю.А.Гагариннің әйгілі фотосуреттері бар. 2019 жылы мектепке Юрий Гагариннің ең көне ескерткішіне Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы ғарышкері гүл қою рәсіміне қатысқанын әңгімеледі. Сонымен қатар тікелей эфирде ғарыштық челлендждің қортындысы шығарылды. Бұл шара Павлодар облысы Білім басқармасының «Bilim life» каналымен бірге жасалған болатын. Аталмыш шараға қатысушылар ғарыш саласына байланысты нысандардың жанында суретке түсіп, шығармашылық жұмыстарын көрсетті. Қазылар алқасы 50-ден астам жұмысты қабылдады. Кравчук Игор, Кравчук Ярослава, Шевцова Радомир, Камзиной Дильназ, Бауржан Камила ғарышқа байланысты ең қызық жұмыстармен қазылар алқасын таң қалдырды. Абдразакова Элина, Бехтина Оливия, Малаева Анель шығармашылық суреттерді жіберген болатын. Цой Диана мен Муксунова Анар өз эрудициясымен және қызығушылығымен ерекшеленді.
|














