Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12654724
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
9617
17782
113673
12290016
348889
367470
12654724

Сіздің IP: 18.232.179.191
Уақыт: 2024-03-29 20:28:18

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Оқушылар сарайының жұмысымен танысты

Заместитель Премьер-Министра Республики Казахстан ознакомился с работой Дворца школьников Заместитель Премьер-Министра Республики Казахстан ознакомился с работой Дворца школьников
Заместитель Премьер-Министра Республики Казахстан ознакомился с работой Дворца школьников Заместитель Премьер-Министра Республики Казахстан ознакомился с работой Дворца школьников

2019 жылдың 8 қараша күні М.М.Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев,  Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрінің вице-министрі Шолпан Каринова болды.

Оқушылар сарайында робототехника, астрозертхана, 3D-модельдеу зертханасы, телестудия, стартап-академия, IT-сыныбы бар балалар техносаябағы жұмыс істейді.

Оқушылар сарайының басшысы Алма Ерубаева «Цифрлы Қазақстан» бағдарламсында анықталған білім беру саласындағы міндеттерді орындау бойынша жұмысымен және балалар техносаябақ пен бизнес-инкубаторлармен таныстырды.

Оқушылар сарайының жас тәрбиеленушілері қонақтарға Tach table аймағын таныстырып өтті. Интерактивті кәсіптік бағдарлау модулінің міндеті оқушыларға кәсіби мүдделер саласын анықтауға көмектесетін керемет құрылғылардың бірі.

Балаларға арналған телестудияда жас тілшілер кабинеттің техникалық жабдықталуы туралы және өздерінің тележобаларымен оларды әлеуметтік желіге орналастыру туралы баяндап берді.

Заместитель Премьер-Министра Республики Казахстан ознакомился с работой Дворца школьников Заместитель Премьер-Министра Республики Казахстан ознакомился с работой Дворца школьников
Заместитель Премьер-Министра Республики Казахстан ознакомился с работой Дворца школьников Заместитель Премьер-Министра Республики Казахстан ознакомился с работой Дворца школьников

Астрономиялық зертханада қонақтарға ғарышты қадағалай алатын мүмкіндігі бар бірегей ғылыми-техникалық жабдықтармен танысытырып, ғылыми-зерттеу жұмыстарын көрсетті. «Антарес» астроклубының тәрбиеленушілері астрономия және ғарыш саласындағы зерттеу жұмыстарындағы жетістіктері туралы баяндап берді.

IT-сыныбында жас бағдарламашылар 3 D-принтерлерінде модельдерді жасайтын заманауи IT-технологияның болашағы туралы әңгімеледі.

«Bala-business» стартап-жобасының қатысушылары өздерінің жобасын нақты таныстырып өтті. Бие сүтінен косметика жасаудың жолдарын облыстық дарынды балаларға арналған көпсалалы лицей-интернатының оқушысы Даяна Мукина айтып берді. Ертіс ауданы Ұзынсу ЖОМ-нің оқушысы Мария Жбанкова «Облепиховый рай» атты жобасын ұсынды. Дарынды балаларға арналған №3 гимназияның оқушылары Рахат Жумабеков және Баязет Искаков «Энергияның баламалы қайнаркөзі: үй жағдайындағы жел диірмені» және «Нашар көретін адамдар үшін таяқша» атты жобаларымен таныстырды.

Экскурсиядан соң Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев, Қазақстан Республикасының білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова Павлодар облысының ұстаздар қауымымен кездесті.

Түсініктемелер қосу