Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар15732775
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 2272 15540 2272 15471449 387138 367126 15732775 Сіздің IP: 18.119.116.125
Уақыт: 2024-12-23 02:32:05
|
«Антарес» астроклубының тәрбиеленушілері метеориттік кратерін зерттеу жөніндегі халықаралық экспедицияға қатысты
2019 жылдың 16 қыркүйек күні Оқушылар сарайының «Рухани жаңғыру» кабинетінде Жаманшың метеорит кратері бойынша Халықаралық экспедициясына арналған пресс-конференция өтті. «Антарес» астроклубының жетекшісі Гульнар Баубекова және тәрбиеленушілері Алексей Беличенко және Әмір Каратай Жаманшың кратерін зерттеу бойынша экспедицияның қатысушылары болды. Жаманшың - метеоритті кратер, ғарыштан шыққан ерекше табиғи нысан, Жерге құлаған метеорит нәтижесінде пайда болған және Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында орналасқан. Кратер шамамен 1 миллион жыл бұрын пайда болған. Кратер - еліміздің ерекше қасиетті нысандарының бірі болып табылады. Аталмыш экспедиция 2019 жылдың 7-12 қыркүйек күндері Ақтөбе облыстық планетаридің бастамасымен өткен болатын. Қазақстан және Ресейдің астрономия және геология саласының атақты ғалымдары ғылыми-зерттеу экспедициясына қатысты. Олар Флоренский Павел Васильевич – профессор, Ресей жаратылыстану академиясының академигі, әлемге әйгілі геолог ( Мәскеу қаласы), Зейлик Борис Семенович – атақты қазақстан геологы, профессор, геология және минералогия ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Минералды ресурстар академиясының корреспондент-мүшесі (Алматы), Виктор Ирохович Гроховский - Урал федералды университетінің физика-технологиялық институтының доценті, Сергиенко Елена Сергеевна – халықаралық метеорит қауымдастығының мүшесі, Санкт-Петербуг мемлекеттік университетінің доценті, Жүніс Сахиев - жазушы-фантаст, астрогеодозист қауымдастығының қатысушысы. Жас астрономдар пресс-конференцияда кратерді жүріп өткендігі туралы баяндап, жер бетінде табылмайтын ғарыштан шыққан әйнектерді тапты. - Біз алғаш рет күрделі экспедицияға бардық. Павел Васильевич Флоренский туралы бұрын да естіген болатынбыз, бұл шарада біз оны жақсырақ білдік. Бұл адам ғылымның нағыз аңызы. Болашақта мен де өз мамандығымды геологиямен байланыстырамын деп үміттенемін, өйткені бұл өте қызықты, - деді Әмір Каратай. - Экспедицияға барған кезде палаткаларда тұрып, төтенше жағдайда өмір сүруге үйрендік. Түн мезгілінде жұлдызды аспанды бақыладық, экспедицияда телескоп болды. Бұл жерде аспан өте ашық екен, сондықтан біздің бақылаулар ерекше болды. Әмір екеуміз ғылыми жұмысымыз үшін материал жинақтадық, оны біз жақында аймақтық конференцияда ұсынамыз, - деді Алексей Беличенко. - Экспедициядан соң Ақтөбе қаласының тарихи мұражайында Жаманшың кратеріне арналған конференция өтті. Бұл жерде Жаманшың кратеріне әлемдік деңгейдегі геобақ мәртебесін беру туралы шешім қабылданды. Бұл біздің Жаманшыңға барған соңғы сапарымыз емес. Мен «Антарес» клубының барлық тәрбиеленушілерін осы жерге әкелемін деген жоспарым бар, - деді Гүлнар Баубекова.
16 сентября 2019 года во Дворце школьников в кабинете «Рухани жаңғыру» прошла пресс-конференция, посвященная Международной экспедиции на метеоритный кратер Жаманшин. Руководитель астроклуба «Антарес» Гульнар Баубекова и воспитанники Алексей Беличенко и Амир Каратай стали участниками экспедиции по исследованию кратера Жаманшин. Жаманшин - метеоритный кратер, уникальный природный объект космического происхождения, образовавшийся в результате падения на Землю метеорита и расположенный в Иргизском районе Актюбинской области. Возраст кратера около 1 млн. лет. Кратер вошел в число уникальных сакральных объектов нашей страны. Экспедиция проходила с 7 по 12 сентября 2019 года по инициативе Актюбинского областного планетария. В научно-исследовательской экспедиции участвовали известные ученые в области геологии, астрономии Казахстана и России: Флоренский Павел Васильевич – профессор, академик Российской академии естественных наук, геолог с мировым именем (г.Москва), Зейлик Борис Семенович, известный казахстанский геолог, профессор, доктор геолого-минералогических наук, член-корреспондент Академии минеральных ресурсов РК (г.Алматы), Гроховский Виктор Иосифович, доцент физико-технического института Уральского федерального университета. Сергиенко Елена Сергеевна, член Международного метеоритного сообщества, доцент Санкт-Петербургского государственного университета, Сахиев Жунис, писатель-фантаст, участник Астрогеодезического общества (г. Нур-Султан). На пресс-конференции юные астрономы рассказали о том, как они ходили по кратеру, нашли стекла космического происхождения, которых больше нет нигде на земле. - Мы в первый раз побывали в серьезной экспедиции. Ранее мы слышали о Флоренском Павле Васильевиче, в экспедиции мы познакомились с ним поближе. Этот человек - настоящая легенда науки. В будущем тоже надеюсь связать свою профессию с геологией, ведь это так интересно, - рассказал Амир Каратай. - Мы жили в палатках, научились ориентироваться в пространстве, налаживать быт в экстремальных условиях. Ночью наблюдали за звездным небом, в экспедиции был телескоп. Условия наблюдения поразительно отличались от наших, небо было необыкновенно ясным. Мы с Амиром собрали материал для нашей научной работы, которую мы скоро представим на областной конференции, - поделился Алексей Беличенко. - После экспедиции в историко-краеведческом музее г. Актобе прошла конференция по кратеру Жаманшин. Здесь было принято решение о придании кратеру Жаманшин статуса геопарка мирового уровня. Думаю, что это не последняя наша поездка в Жаманшин. Надеюсь повезти туда всех воспитанников клуба «Антарес», - сказала Гульнар Баубекова. |