Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

15732597
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
2094
15540
2094
15471449
386960
367126
15732597

Сіздің IP: 3.141.25.125
Уақыт: 2024-12-23 02:10:51

Павлодардың жас астрофизиктері – астрономия және ғарыш физикасы бойынша республикалық жарыстың жеңімпаздары атанды

Юные астрофизики Павлодара - призеры республиканских научных соревнований по астрономии и физике космоса Юные астрофизики Павлодара - призеры республиканских научных соревнований по астрономии и физике космоса

2019 жылдың 21-28 сәуір аралығында Алматы қаласында Түкен Омаров атындағы оқушылардың астрономия және ғарыш физикасы бойынша республикалық ғылыми жарысы өткен болатын. Аталмыш жарысқа Қазақстанның 11 облыстарынан, сонымен қатар Астана және Алматы қалаларынан 120 оқушы қатысты.

Юные астрофизики Павлодара - призеры республиканских научных соревнований по астрономии и физике космоса Юные астрофизики Павлодара - призеры республиканских научных соревнований по астрономии и физике космоса
Юные астрофизики Павлодара - призеры республиканских научных соревнований по астрономии и физике космоса Юные астрофизики Павлодара - призеры республиканских научных соревнований по астрономии и физике космоса

Павлодар өңірінен М. Катаев атындағы Оқушылар сарайының «Антарес» астроклубының тәрбиеленушілері Еренғайып Кобланды, Алексей Беличенко, Ерназар Шукенов және Аймира Успанова бақтарын сынады.

Жарыстың салтанатты марапаттау рәсімінде Тукен Омаровтың ұлы, Тянь-Шань астрономиялық обсерваториясының жетекшісі, физика-математика ғылымының докторы Шыңғыс Түкенов қатысушылардың алғысөзбен қарсы алды.

Жарыстың бірінші кезеңінде біздің оқушылар үш жоба ұсынды. Қобланды, Ерназар және Алексей физика және астрономиялық құрылымдардағы барлық деректерді ұсынуға арналған астрономиялық үдерістерді модельдеу, ғарыш аппараттарының жылдамдығын және траекториясын есептеуге көмектесетін астрономия сабақтарында қолданатын бағдарламаны ұсынды. Ал Қобыланды болса, инновациялық әуежайдың жеке жобасын ұсынды. Бұл жоба ұшақтардың ұшу жолын реттеп, бүйірлік жел мәселесін шешіп, ұшақтың әуеде болғанда апаттардың қауіпін одан әрі төмендетуге бағытталған жоба.

Аймираның жұмысы робототехника саласымен тығыз байланысты болды. Ол «LEGO MINDSTORMS ЕV3» конструкторларының бөлшектерін қолдана отырып «сәулелі батареялардың құрылымы» атты модельді ойлап тапты.

80 жұмыстың ішінде біздің оқушылардың жобалары қазылар алқасының көңілдерінен шығып, қызығушылықтарын артып, көп сұрақтар туындады.

Жарыстың екінші кезеңінде оқушылар астрономия және астрофизика пәндері бойынша күрделі есептерді шығарды.

Ал үшінші кезеңде қазылар алқасының дайындаған қызықты тапсырмалары бойынша қатысушылар күндіз және түнгі мезгілдерде жұлдызды аспанды бақылау керек болатын. Оқушылар 20 минут ішінде практикалық астрономия бойынша тапсырмалар орындау керек еді.

Жарыстың қортындысы бойынша Еренғайып Қобланды 2-ші дәрежелі дипломға қол жеткізіп, ал Успанова Аймира 3-ші дәрежелі дипломды иеленді.

- Оқушыларға сайысқа қатысқан өте ұнады. Олар астрономия және ғарыш физикасы бойынша білімдерін толықтырды. Планетарийде өткен практикалық семинарлар мен Шарын шатқалы ұлттық паркіне барған саяхаттар мәңгі естерінде қалды, - деді «Антарес» астроклубының жетекшісі Баубекова Гульнар.

Түсініктемелер қосу