Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар19612277
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 12112 16188 60089 19264172 256312 378960 19612277 Сіздің IP: 216.73.216.189
Уақыт: 2025-10-16 19:42:37
|
Жас астрономшылардың ғылыми жаңалықтары
2019 жылдың 15 ақпан күні М.М.Катаев атындағы оқушылар сарайында «Жұлдыздар бізге жарқырайды» атты жас астрономшылардың облыстық форумы өтті. Аталмыш слет төртінші рет өткізіліп отыр.
Бұл шараға облысымыдың 45 талантты оқушылары қатысты. Астрономия мен ғарышты зерттеу Қазақстадық ғылымдардың дамуындағы өзекті бағыттарының бірі болып саналады. Қазіргі таңда павлодарлық оқушылардың жер-жаһан мен мен ғарышты зерттеу үшін барлық мүмкіндіктері бар. Олар Оқушылар сарайында ашылған обсерваторияның көмегімен, заманауи құрылғыны пайдалана отыра планетаны және жұлдыздарды бақылай алады. Жас астрономшылардың облыстық форумында оқушылар астрономия және ғарыш туралы ғылыми жобаларды ұсынды. Қатысушыларың жұмыстарына әділ-қазылар баға берді. Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары Қуаныш Сарсекеевтің және Алина Пархомчуктің ғарыштың жаңа әдістеріне байланысты жұмыстары және Ақсу қаласынан Аймира Успанованың жұмыстары ең үздік деп танылды. Екібастұз қаласының «Зерде» арнайы мектебінің оқушылары Диана Каримова мен Зарина Мейрашева «Кардиостимуляторды модельдеу» деген күрделі тақырыпты таңдап алыпты. Майқайын кентінен келген жас қатысушылардың жұмысы қазылардың көңілінен шығып, үлкен қызығушылық тудырды. Камила Серикова мен Айым Уахит жер бетіндегі планеталардағы беттерді бұрғылау туралы жобаны ойлап тапқан. Майқайын мектебінің оқушысы Айқанат Бағынбаевтың жұмысы тәжірибеден алынған қызықты фактілерге толы болды. Жеңімпаздар дипломдармен марапатталды. |