Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар17651985
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 7909 13894 63635 17356200 103464 468472 17651985 Сіздің IP: 18.119.132.107
Уақыт: 2025-05-09 15:40:01
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Облыстық Оқушылар сарайында болды
14 қыркүйек күні М.М.Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев болды. Оқушылар сарайының басшысы Алма Ерубаева Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы Жолдауында «Цифрлы Қазақстан» бағдарламсында анықталған білім беру саласындағы міндеттерді орындау бойынша жұмысын таныстырды.
Биылғы жылы Оқушылар сарайында робототехника,астрозертхана, 3D-модельдеу зертханасы, телестудия, стартап-академия, IT-сыныбы бар Балалар техносаябағы іске қосылды. Оқушылар сарайының басшысы Алма Ерубаева жұмыстың жаңа бағытымен және балалар техносаябақ пен бизнес-инкубаторлармен таныстырды. Оқушылар сарайының жас тәрбиеленушілері қонақтарға Tach table аймағын таныстырып өтті. Интерактивті кәсіптік бағдарлау модулінің міндеті оқушыларға кәсіби мүдделер саласын анықтауға көмектесетін керемет құрылғылардың бірі. Балаларға арналған телестудияда жас тілшілер кабинеттің техникалық жабдықталуы туралы және өздерінің тележобаларымен оларды әлеуметтік желіге орналастыру туралы баяндап берді. Астрономиялық зертханада қонақтарға ғарышты қадағалай алатын мүмкіндігі бар бірегей ғылыми-техникалық жабдықтармен танысытырып, ғылыми-зерттеу жұмыстарын көрсетті. «Антарес» астроклубының тәрбиеленушілері астрономия және ғарыш саласындағы зерттеу жұмыстарындағы жетістіктері туралы баяндап берді. Сонымен қатар Оқушылар 3D-модельдеу зертханасын көрсетті. Бұл жерде олар өздері 3D-принтерлер арқылы іс-тәжірибеде қолданатын модельдер жасайтын бағдарламаларды меңгереді. IT-сыныбында жас бағдарламашылар заманауи IT-технологияның болашағы туралы әңгімелеп берді. Премьер-Министр балаларға бизнес негіздерін оқытуда бизнес-инкубатордың мүмкіндіктерімен танысты. Bala-business стартап-жобасының қатысушылары өздерінің жобасын нақты таныстырып өтті. |