Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар17768509
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 11181 9176 80210 17432108 219988 468472 17768509 Сіздің IP: 18.221.87.167
Уақыт: 2025-05-18 22:25:27
|
Жаңа мүмкіндіктерді жіберіп алмайық
2018 жылдың 12 қаңтарында М.Катаев атындағы Облыстық Оқушылар сарайында «Оқушылар сарайы – болашақтың алаңы» атты панельдік сессия өтті. 2018 жылдың 10 қаңтар күні өзінің жылсайын Қазақстан халқына жолдауында Нұрсұлтан Назарбаев былай деді: «... еліміздің түпкір-түпкірінде барлық Оқушылар сарайларының негізінде балаларға арналған компьютерлер, зертханалар, 3D-принтерлерімен қамтылған технопарктер және барлық инфрақұрылымы бар бизнес-инкубаторлар желістері құрылуы тиіс». Оқушылар сарайының ұстаздары, оқушылар мен олардың ата-аналарының алдыңда М. Катаев атындағы Оқушылар сарайының басшысы Алма Ерубаева және астрономиялық обсерваторияның жетекшісі, Қазақстан әуесқой-астрономдар Одағының мүшесі Виталий Радченко сөз сөйлейді.
Алма Ерубаева Елбасының жолдаудағы білімге қатысы бар, оның ішінде қосымша білімге терең тоқталды. Оқушылар сарайындағы бизнес-мектептер мен технопарктерді құру үшін мүмкіндіктерді атап өтті. Ақпан айында Оқушылар сарайында 10-13 жас және 14-18 жас аралығындағы оқушылар үшін бизнес мектебі ашылады. Бұл мектепте қаржы сауаттылығы, маркетинг пен менеджмент, жеке тұлғаларға тренингтер өткізіліеді. IT-мектептері мен технопарк орталықтарын ашу үшін жұмыстар қарқынды түрде басталды. Спикерлер қатысушылардың сауалдарына жауап беріп, жаңашыл инновацияларды енгізу және осы салаларды дамыту туралы ұсынылған идеяларды тыңдады.
Н.Назарбаев атап өткендей, «... бүгінгі күні адамзат жаңа индустриалды революция дәуіріне кіреді. Заманауи технологиялар әлемді өзгертеді. Ғаламдық технологиялық ауысулар өсудің жаңа мүмкіндіктері бола алады». Осындай ойлармен және нақты көрініске ие болатын жағдайларды панельдік сессияда келген қатысушылар талқыға салады. Іс-шараға шамамен жүзден аса адам қатысты. |