Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар21064616
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 1424 12702 68691 20754862 398340 433954 21064616 Сіздің IP: 216.73.216.213
Уақыт: 2026-01-31 03:46:29
|
Болашақ инженерлер үшін эксперименттік физикадан сабақтар
Оқушылар сарайының «Антарес» астроклубының жас өнертапқыштары ұйымдастырушылардың шақыруымен «Ақылды мұражайда» болып қайтты. Бір ай бойы біздің қаламызда Новосібір қаласынан «Ақылды мұражай» келген еді. Мұражай экспонаттары балалар мен ересектер арасында өте танымал. «Ақылды мұражайдың» ұйымдастырушысы Денис Лещенко, Оқушылар сарайы «Антарес» астроклубының жетекшісі Гульнар Баубекова және оның тәрбиеленушілерін тегін экскурсияға шақырған болатын. Астроклубтың балалары бұл жерде уақыттарын өте қызықты өткізді.
- Біздің балаларымыз мынадай «Ақылды мұражайды» тамашалағаны керемет болды, - деп өз ойымен бөлісті Гульнар Баубекова. – Біз үшін қызықты әрі танымдық экскурссия өткізілді, балалар бұны мәңгі естеріңде сақтайды. Бұл экспонаттар физикамен тығыз байланысты, мысалы оптика, магинт өрісі, аэродинамика және т.б. Әсіресе, Пифагордың теоремасын дәлелдейтін экспонат ерекше көзге түсті. Өзімнің және тәрбиеленушілерімнің атынан ұйымдастырушыларға алғысым шексіз!
Желтоқсан айының басында Павлодар қаласына «Ақылды мұражайдың» бастамасымен ТМД елдерінде көп кездеспейтін, арнайы жарықтарымен, бірегей жаңа фильмдер көрсететін Планетарий келіп, ерекше қызықты бағдарлама ұсынады деп жоспарлап отыр. |














