Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар23880196
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 10365 26581 107354 23518970 191739 579883 23880196 Сіздің IP: 216.73.216.180
Уақыт: 2026-09-13 15:20:20
|
Ғарыштық техниканың авторлары – балалар
Павлодарлық Оқушылар сарайы «Антарес» астрономиялық клубының тәрбиеленушілері «Первый шаг к великому изобретению» атты республикалық инновациялық идеялар конкурсының жеңімпаздары атанды. Аталмыш конкурс Қарағанды қаласы М.Нурмаков атындағы дарынды балаларға арналған арнайы мектеп-интернатында өткен болатын. «Антарес» астроклубының жетекшісі Гульнар Баубекованың айтуынша аталмыш додаға республикамыздың түпкір-түпкірінен 160-тан астам балалар қатысқан еді. Павлодар облысының намысын қорғаған «Антарес» командасынан тоғыз қатысушы болды. Конкурс қортындысы бойынша үшінші дәрежелі дипломмен Алимжан Гумран және Қобланды Еренғайып марапатталды. Алимжан әскери техниканың макеті – электромагниттік атқышты дайындады. Бірақ автордың айтуынша бұл құралды ғарышта қолдануға болады. Ал Қобланды болса «Тенгри» атты ғылыми-зерттеу полигонын жасаған еді. Қобландының бұл жасаған өнертапқышы қуат пен жанармайды үнемдейді. Жуық арада Оқушылар сарайында «Антарес» клубының бастамасымен астрономдар слеті өтеді. Бұл слеттің ережесі Оқушылар сарайының сайтында жарияланады. |














