Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

15743110
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
12607
15540
12607
15471449
397473
367126
15743110

Сіздің IP: 3.142.212.225
Уақыт: 2024-12-23 15:51:11

Балалар журналист мамандығын игереді

Дети постигают мастерство журналиста Дети постигают мастерство журналиста
Дети постигают мастерство журналиста Дети постигают мастерство журналиста

9 қарашада Білім басқарамасының бастауымен М.М.Катаев атындағы Облыстық Оқушылар сарайында дәстүрлі «Жас қалам» облыстық жас журналисттер фестивалі өткізілді.

Дети постигают мастерство журналиста Дети постигают мастерство журналиста
Дети постигают мастерство журналиста Дети постигают мастерство журналиста

Аталмыш шараға «Сенің әлемің» облыстық балалар газетінің белсенді авторлары, журналистикаға қабілеттері бар радио және телебағдарламалардың, балалар-жасөспірімдер газет  редакциясының өкілдері қатысты.  Бұл күн жас тілшілердің танысуымен басталды. Әрбір делегация өз редакциясы туралы шығармашылық таныстыру ұсынды. Медиа кездесу мемлекеттік және орыс тілінде өтті. Павлодар облысының барлық аудандары қамтылды.

Дети постигают мастерство журналиста Дети постигают мастерство журналиста
Дети постигают мастерство журналиста Дети постигают мастерство журналиста

Фестиваль бағдарламасы барысында облыстық Халық радиосына, «Казахстан–Павлодар», «Баспа үйі» типографиясында, облыстық «Сарыарқа самалы» газетінің редакциясында, Жастар бастамаларын қолдау орталығында экскурссиялар ұйымдастырылды.

«Pavlodarnews» ақпараттық агенттігінің тілшілері Роза Мустафина, Акбота Сейсенбаева және «Ирбис» телеканалының операторы Серік Қонақбаев Оқушылар сарайында шеберлік сабақтар жүргізді.

Дети постигают мастерство журналиста Дети постигают мастерство журналиста
Дети постигают мастерство журналиста Дети постигают мастерство журналиста

Оқушылар сарайының жас тілшілері «СМИ уходят в Интернет» атты ток-шоу жүргізді. Телешоуда Павлодар облысының атақты журналистері Юрий Поминов, Фёдор Ковалёв, Елена Вайберт болды.

Фестиваль барысында «Школа-пресс-2017» ең үздік мектеп газеттерінің шығармашылық конкурсы өтті. Оқушылар сарайының бірінші қабатында мектеп баспаларының көрмесі өтті. «Ең үздік редакция» номинациясы бойынша бірінші орынды «Балауса» газетімен Ақсу қаласы дарынды балаларға арналған мектеп – гимназиясы жеңіп алды. «Ең үздік ауыл газеті» номинациясы бойынша екінші орын Қашыр ауданы Байқоныс мектебіне бұйырды. Қала мектептері арасында Екібастұз қаласы №6 мектеп-лицейінің «Голос лицеиста» газеті бірінші орынға жайғасты.

Сонымен қатар басқа да номинациялар бойынша барлық қатысушылар марапатталды.

Фестивальде 90-ға жуық жас тілші және олардың 40-тан астам ұстаздары болды.

Итоги областного творческого конкурса на лучшую школьную газету «ШКОЛА-ПРЕСС-2017» в рамках областного фестиваля юных журналистов «Жас қалам – 2017»

Түсініктемелер қосу