Бейнежаңалықтар
Оқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар24593380
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 1493 16785 66694 24318214 1493 359811 24593380 Сіздің IP: 216.73.216.170
Уақыт: 2026-11-01 01:32:07
|
Егіс алқабында ертегі өсті
Оқушылар сарайы «Білімпаз» эстетикалық тәрбие беру және даму студиясында «Егіс алқабында ертегі өсті» атты күзгі көрме өтті. Студияның барлық топтары бұл көрмеге белсенді қатысты. - Күзгі бұйымдар көрмесі – бұл нағыз таланттардың жарысы, - деді «Білімпаз» студиясының жетекшісі Ирина Паскарь. – Бұл көрмеде жеміс пен көкөністерден жасалған аппликациялар және ертегі кейіпкерлерін көруге болады. Көрме ұйымдастырушылардың айтуы бойынша аталмыш шаралар балаларға күнделікті тұрмыстағы заттарды пайдаланып, сұлулықты көруге, қиял-ғажайып әлеміне шомылуға мүмкіндік береді. Балалардың жасаған дүниелерінің барлығы көп сақталмаса да, еңбектеніп қажырланып істеген жұмыстары шыдамдылықты, зеректік пен ерікті көңілді қалыптастырады. Жұмыстарды істеу барысында оқушылар ата-аналарымен жұмыс жасап тәрбелік мәні өте зор болады. |














