Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар18319110
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 3167 18908 64939 18010461 49991 380557 18319110 Сіздің IP: 216.73.216.216
Уақыт: 2025-07-04 06:14:20
|
Кішкентай балдырғандардың мектеп бітіру кеші
2017 жылдың 30 мамыр күні М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайында «Білімпаз» эстетикалық тәрбие беру және дамыту студиясының 224 тәрбиеленушілері үшін мектеп бітіру кеші болып өтті. Ұйымдастырушылар оқушыларға арналған мереке залын әдемі, түрлі-түсті шарлармен безендіріп, мектеп тақырыбына арналған әсем әуен таңдап алды. Бұл күнгі мерекелік мектеп бітіру кешіне Портфель, Әліппе, Бестік, Үш және Екі деген қызықты кейіпкерлер келді. Сонымен қатар балаларға құттықтау үшін Қызыл Телпек және Білім Ханшайымы келіп жетті. «Жұлдыздар» би студиясының бишілері барлық түлектерді жарқын биімен қуантты. Болашақ бірінші сынып оқушылары мектеп туралы тақпақ айтып, соңғы рет ән шырқап, би биледі. Студия жетекшісі Ирина Паскарь және әдіскер Жадыра Ахметова барлық оқушылар мен ата-аналарды құттықтап, оқу жылының табысты аяқтағаны үшін дипломдармен марапаттады. |