Бейнежаңалықтар
Оқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар24689601
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 18245 21605 18245 24448750 97714 375807 24689601 Сіздің IP: 216.73.216.157
Уақыт: 2026-11-09 16:39:34
|
Оқушылар сарайының жас роботқұрастырушылары жарыста үздік өнер көрсетті
М.М.Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайы робототехника үйірмесінің командасы республикалық робототехника бойынша іріктеу кезеңінің жарысына қатысты. «Техникалық ойлар» конкурсы Павлодар қаласында 19 мамыр күні өтті. Жас инженерлер үшін жарысты «КазРоботикс» білім беру және спорттық робототехникасының Қазақстан Федерациясы ұйымдастырды. Оқушылар сарайының үйірмешілері Женя Потапов және Елнұр Елтай конкурста үздік нәтиже көрсетіп, бірінші орынға қол жеткізді. «Мини Сумо 15х15» конкурсында Шахназар Канапия және Данил Марченко бірінші орынды иеленсе, Даниил Зорин және Никита Кочегаров аталмыш номинация бойынша екінші орынға жайғасты. Өткен жарыстың қортындысы бойынша Женя Потапов, Елнур Елтай, Шахназар Канапия және Данил Марченко қыркүйек айында Ақтөбе қаласында өтетін республикалық жарыста облысымыздың намысын қорғайды. |














