Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12815332
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
4967
7542
35404
12574557
133785
375712
12815332

Сіздің IP: 3.15.6.77
Уақыт: 2024-04-20 18:20:18

«Сынып өмірінен үзінді» атты облыстық бейнероликтер байқауының қортындысы

Итоги областного конкурса видеороликов «Сюжет из жизни класса» Итоги областного конкурса видеороликов «Сюжет из жизни класса»
Итоги областного конкурса видеороликов «Сюжет из жизни класса» Итоги областного конкурса видеороликов «Сюжет из жизни класса»

Оқушылар сарайында «Сынып өмірінен үзінді» атты облыстық бейнероликтер байқауының қортындысы белгілі болды. Қазылар алқасы «Бейнеролик», «Бейнесюжет» және «Бейнефильм» атты номинацияларды анықтаған болатын. Аталмыш байқау 2016 жылы 22 қыркүйек күні Оқуышлар сарайы «Луч» шығармашылық бірлестігімен жарияланған болатын.

2017 жылдың 10 сәуіріне дейін Павлодар, Екібастұз, Шарбақты және Ертіс өңірлерінен 8 өтініш жіберілген болатын. Байқау қортындысы бойынша «Бейнеролик» номинациясында Шарбақты ауданы, Чигириновская мектебінің оқушысы Гүлдана Зинулаға II-ші орын бұйырды. Екібастұз қаласы Солнечный ауылы, № 16 ЖОМ-нің оқушысы Кирилл Кривченкоға III-ші орын тиесілі болды. «Бейнесюжет» номинациясында Павлодар қаласы №25 ЖОМ-нің оқушылары Аружан Темирова және Шыңғыс Ишмурдиновқа жүлделі орын берілді. Екінші жүлделі орын Екібастұз қаласы Солнечный ауылы, № 16 ЖОМ-нің оқушысы Эрнест Нелли және Вилена Толмачевалар және Ертіс ауданы Абай ЖОМ-нің оқушысы Яны Брижанға бұйырды.

Үшінші орында екі сюжет болды: олар, Екібастұз қаласының техникалық шығармашылық мектебінің оқушылары Ксения және Карина Дорошенко және Павлодар қаласы №26 мектептің оқушылары Мария Брыкалина және Арина Мельник.

«Бейнефильм» номинацияларында Екібастұз қаласы Солнечный ауылы №16 ЖОМ-нің оқушылары Таисия Михова және Кирилл Кривченколар I-ші орынға жайғасты. Қазылар құрамында жергілікті БАҚ өкілдері және Оқушылар сарайының педагогтары қатысты.

Жеңіске жеткен жүлдегерлердің дипломдарын М.М. Катаев атындағы Облыстық Оқушылар сарайы, 1 Май көшесі 27, мекен-жайы, 356 каб. алуға болады.

Түсініктемелер қосу