Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар15742736
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 12233 15540 12233 15471449 397099 367126 15742736 Сіздің IP: 18.188.218.134
Уақыт: 2024-12-23 15:20:54
|
Қиялдың самғауы аспан жұлдыздарына жол ашты
«Жұлдыздар бізге жарқырайды» атты дәстүрлі жас астрономшылардың слетінде Павлодар облысының оқушылары ғарыштық кеңістік туралы ойларын ортаға салды. Бұл іс-шара М.М.Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайында 19 қаңтар күні өтті. Облыстық әуесқой астрономшылар слеті бірнеше жоспарланған шығармашылық сайыстарды қамтыды. Көркемделген презентациялар және бейнероликтер сайысында ғарыштық техниканың мүмкіндіктері жайлы, күн сәулесі жүйесінің құпиялары мен жаңалықтары туралы сөз қозғалды. Эссе-шығармалар сайысында балалар адам тағдыры, ғарыш туралы, адам баласының әлемдегі жалғыз екендігі жайлы сыр шертті. Слетке қатысушылар келесі жүз жылдыққа болжамдар жасады. Конкурс жұмыстарын Қазақстанның астрономия қоғамының мүшелері, Павлодар қаласы мектептерінің физика және астрономия пәнінің жоғары санаттағы оқытушылары және М.М.Катаев атындағы қосымша білім беру педагогтары бағалады. Слетке Павлодар, Шарбақты, Баянауыл, Железин аудандарынан және Павлодар, Ақсу қалаларынан 38 делегат қатысты. Қазылар алқасы Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының, сонымен қатар №8 мектеп-лицейінің жас ғалымдарының жұмыстарын жоғары бағалады. Комиссия мүшелерінің шешімі бойынша эссе-шығармалар сайысында авторлар жүлделі орындар ие болған жоқ, облыстық жас астрономшылардың слетінің сертификаттарымен марапатталды. Бейнероликтер сайысында Павлодар қаласының гуманитарлық- педагогикалық колледжінің студенті Андрей Гритчиннің жұмысы ең үздік деп танылды. Презентациялар конкурсында бірінші орынға жұптық жұмыс ие болды. Павлодар қаласы №3 дарынды балаларға арналған гимназиясының қыздары Жаслин Жангазинова және Анна Макеева 70 ұпай жинап, жеңімпаз атанды. Павлодар қаласы облыстық көпсалалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының тәрбиеленушісі Қобланды Еренғайып және Павлодар қаласы №40 ЖОМ-нің оқушысы Яков Теребецкий бір балға төмен ұпай жинады. Олардың жұмыстары да бірінші орынға жайғасты. Осылайша біздің еліміздің жас зияткерлерінің ғылыми жетістіктер фестивалі өтті.
|