Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар15974922
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 992 5464 22455 15648833 116267 513018 15974922 Сіздің IP: 18.221.147.141
Уақыт: 2025-01-08 00:31:08
|
Достық шеберханасы - 2016
М.Катаев атындағы Оқушылар сарайында жас шеберлерді шығармашылық арқылы патриотизмге тәрбиелеп, ұлттық салт-дәстүрге баулып, атадан қалған мұраны жалғастыру салты пайда болды. Сарайда «Достық шеберханасы» атты балалар шығармашылығының облыстық конкурсы өтті. Конкурс қатысушылары болып 7-16 жас аралығындағы қала және облыс көлеміндегі жалпы білім беру және көркемөнер мектебінің, студияларының, аула клубтарының оқушылары болды. Жас шеберлер ұлттық ойыншықтар, мүсіндер жасап қолданбалы-сән әрі бейнелеу өнерінде өз таланттарын көрсетті. Балалар өз жұмыстарында жүн, былғары, батик, саз, керамика өнімдерін қолданып, өз әшекейлерін моншақтармен безендірді. Конкурс қортындысында үш жасөспірімдік категориясы бойынша жеңімпаздармен жүлдегерлер анықталды. «Бейнелеу өнері» номинациясы бойынша (7-9 жас) кіші жас ерекшелік категориясында «Жігер» жасөспірімдер клубының оқушысы Рамазан Ислам гран-приге иеленді, жетекшісі Анар Омарғалиқызы. «Наурыз» атты суретті қазылар алқасы ең үздік деп шешті. 10-14 жас ерекшелік категориясында осы номинация бойынша «Наурыз мейрамы» атты суреті үшін Май ауданы Оқушылар үйінің тәрбиеленушісі Ерасыл Жантенов жеңімпаз атанды. Жұмат Кайрбековтың жетекшілігімен Ерасыл кескіндеме техникасында керемет сурет салды. Ал жоғарғы жас ерекшелік категориясы бойынша 14-16 жас аралығында Павлодар қаласының №1 балалар көркемөнер мектебінің оқушысы Варвара Клачан «Ұлттық сарындар» атты номинациясында гран-приге ие болды, жетекшісі Светлана Рейн. Облыстық конкурстың жеңімпаздары дипломдармен марапатталып, ал жүлдегерлер дайындаған ұстаздар облыстың білім басқармасынан атынан алғыс хаттарға ие болды. Балалар шығармашылығының облыстық конкурсында 253 жұмыс ұсынылып, 203 оқушы қатысып, оның ішінде 247 дербес жұмыс және 6 топтық жұмыстар болды. |