Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

15734512
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
4009
15540
4009
15471449
388875
367126
15734512

Сіздің IP: 3.145.54.210
Уақыт: 2024-12-23 05:21:29

Достық шеберханасы - 2016

Достық шеберханасы - 2016 Достық шеберханасы - 2016
Достық шеберханасы - 2016 Достық шеберханасы - 2016

М.Катаев атындағы Оқушылар сарайында жас шеберлерді шығармашылық арқылы патриотизмге тәрбиелеп, ұлттық салт-дәстүрге баулып, атадан қалған мұраны жалғастыру салты пайда болды. Сарайда «Достық шеберханасы» атты балалар шығармашылығының облыстық конкурсы өтті.

Конкурс қатысушылары болып 7-16 жас аралығындағы қала және облыс көлеміндегі жалпы білім беру және көркемөнер мектебінің, студияларының, аула клубтарының оқушылары болды. Жас шеберлер ұлттық ойыншықтар, мүсіндер жасап қолданбалы-сән әрі бейнелеу өнерінде өз таланттарын көрсетті. Балалар өз жұмыстарында жүн, былғары, батик, саз, керамика өнімдерін қолданып, өз әшекейлерін моншақтармен безендірді. Конкурс қортындысында  үш жасөспірімдік категориясы бойынша жеңімпаздармен жүлдегерлер анықталды. «Бейнелеу өнері» номинациясы бойынша (7-9 жас) кіші жас ерекшелік категориясында «Жігер» жасөспірімдер клубының оқушысы Рамазан Ислам гран-приге иеленді, жетекшісі Анар Омарғалиқызы. «Наурыз» атты суретті қазылар алқасы ең үздік деп шешті. 10-14 жас ерекшелік категориясында осы номинация бойынша «Наурыз мейрамы» атты суреті үшін Май ауданы Оқушылар үйінің тәрбиеленушісі Ерасыл Жантенов жеңімпаз атанды. Жұмат Кайрбековтың жетекшілігімен Ерасыл кескіндеме техникасында керемет сурет салды. Ал жоғарғы жас ерекшелік категориясы бойынша 14-16 жас аралығында Павлодар қаласының №1 балалар көркемөнер мектебінің оқушысы Варвара Клачан «Ұлттық сарындар» атты номинациясында гран-приге ие болды, жетекшісі Светлана Рейн.

Облыстық конкурстың жеңімпаздары дипломдармен марапатталып, ал жүлдегерлер дайындаған ұстаздар облыстың білім басқармасынан атынан  алғыс хаттарға ие болды. Балалар шығармашылығының облыстық конкурсында 253 жұмыс ұсынылып, 203 оқушы қатысып, оның ішінде 247 дербес жұмыс және 6 топтық жұмыстар болды.

Итоги конкурса

Түсініктемелер қосу