Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

ekran diktor kaz

KPLeto2 kaz

amanat kaz

gossimv 23 kaz 2

polojeniya 23 kaz 2

mindal kaz

raspisanie 26 27 kaz 1

proekt 23 kaz

BIRTUTAS TARBIE

bala time kaz2

map kz

antikor

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

24689572
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
18216
21605
18216
24448750
97685
375807
24689572

Сіздің IP: 216.73.216.157
Уақыт: 2026-11-09 16:32:55

Жас шаштаразшылар шеберлер жұмысын жасайды

Молодые парикмахеры делают работу мастеров Молодые парикмахеры делают работу мастеров
Молодые парикмахеры делают работу мастеров Молодые парикмахеры делают работу мастеров

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында М.Катаев атындағы Облыстық Оқушылар сарайында 2016 жылдың 2 наурыз күні «Көктем тамшысы» атты романтикалық стилде жасалған шаш үлгілерінің шығармашылық қойылымы болып өтті.   «Стиль» студиясының жас шеберлері романтикалық образдарды суреттеп мерекелік дефиле көрсетті.

«Стиль» студиясының тәрбиеленушілері телевидение қызметкерлері үшін романтикалық образдар бейнесін сомдады. Сұлу әрі көркем, әйел затына ғана сай  әсем қыздар өздері шаш үлгісі мен шаш қойылымның авторлары болады. Оқушылар сарайының «Стил» шаштаразшылар студиясы – кішкентай стилисттердің, бет әрлеушілердің, шаштаразшылардың шығармашылық орталығы.

Молодые парикмахеры делают работу мастеров Молодые парикмахеры делают работу мастеров
 

Бұл жерде жас сәнқойлар шаштараз өнерімен айналысып, шаш алу үлгісін үйреніп, шаш бояу сонымен қатар түрлі техникада жұмыс жасаумен машықтанады. Студия жетекшісі Евгения Леденева мелирование, колорирование, образбен жұмыс жасау барысында қыздарға макияж жасау, кірпік өсіру, тырнақ сәндеуді үйретеді.

«Стил» шаштаразшылар студиясының тәрбиеленушілері қалалық және облыстық деңгейде өткізіліп отырған шаш үлгілерінің байқауларына белсене қатысады. 2015 жылдың қыркүйек айында «Стил» шаштаразшылар студиясының 5 тәрбиеленушісі «PavlodarFashionWeek-2015» атты шаш қою үлгісінің топтамасына қатысты.

2015 жылдың 11 қараша күні Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтында өткізілген «Ұлы даланың аңызы» атты конкурс-фестивалінің іріктеу кезеңіне қатысты. Оқушылар сарайының «Стил» шығармашылық ұжымы осы жарысқа қатысып бірнеше номинация бойынша жеңімпаз атанды.

«Стил» шаштараз студиясының оқушылары 2015 жылы Ұстаздар күні қарсаңында өткен Естай атындағы Мәдениет сарайындағы шаштаразшылар конкурсына қатысып, шаш үлгілерін жасады. Бұл конкурсқа Павлодар қаласының кәсіби колледждері және шаштараз салондары қатысты.

Түсініктемелер қосу