Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар15734642
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 4139 15540 4139 15471449 389005 367126 15734642 Сіздің IP: 18.226.187.224
Уақыт: 2024-12-23 05:32:18
|
Жас шаштаразшылар шеберлер жұмысын жасайды
Халықаралық әйелдер күні қарсаңында М.Катаев атындағы Облыстық Оқушылар сарайында 2016 жылдың 2 наурыз күні «Көктем тамшысы» атты романтикалық стилде жасалған шаш үлгілерінің шығармашылық қойылымы болып өтті. «Стиль» студиясының жас шеберлері романтикалық образдарды суреттеп мерекелік дефиле көрсетті. «Стиль» студиясының тәрбиеленушілері телевидение қызметкерлері үшін романтикалық образдар бейнесін сомдады. Сұлу әрі көркем, әйел затына ғана сай әсем қыздар өздері шаш үлгісі мен шаш қойылымның авторлары болады. Оқушылар сарайының «Стил» шаштаразшылар студиясы – кішкентай стилисттердің, бет әрлеушілердің, шаштаразшылардың шығармашылық орталығы. Бұл жерде жас сәнқойлар шаштараз өнерімен айналысып, шаш алу үлгісін үйреніп, шаш бояу сонымен қатар түрлі техникада жұмыс жасаумен машықтанады. Студия жетекшісі Евгения Леденева мелирование, колорирование, образбен жұмыс жасау барысында қыздарға макияж жасау, кірпік өсіру, тырнақ сәндеуді үйретеді. «Стил» шаштаразшылар студиясының тәрбиеленушілері қалалық және облыстық деңгейде өткізіліп отырған шаш үлгілерінің байқауларына белсене қатысады. 2015 жылдың қыркүйек айында «Стил» шаштаразшылар студиясының 5 тәрбиеленушісі «PavlodarFashionWeek-2015» атты шаш қою үлгісінің топтамасына қатысты. 2015 жылдың 11 қараша күні Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтында өткізілген «Ұлы даланың аңызы» атты конкурс-фестивалінің іріктеу кезеңіне қатысты. Оқушылар сарайының «Стил» шығармашылық ұжымы осы жарысқа қатысып бірнеше номинация бойынша жеңімпаз атанды. «Стил» шаштараз студиясының оқушылары 2015 жылы Ұстаздар күні қарсаңында өткен Естай атындағы Мәдениет сарайындағы шаштаразшылар конкурсына қатысып, шаш үлгілерін жасады. Бұл конкурсқа Павлодар қаласының кәсіби колледждері және шаштараз салондары қатысты. |