Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар15974396
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 466 5464 21929 15648833 115741 513018 15974396 Сіздің IP: 3.143.254.28
Уақыт: 2025-01-08 00:17:06
|
Қолданбалы өнер әр түрлі болады
24 ақпан күні Оқушылар сарайында қосымша білім беру педагогтары үшін «Түрлі қолөнер техникада декор элементтердің ерекшеліктерін қолдану» атты тақырыпта семинар өтті. Баяндаманың басты тақырыбымен эстетика бөлімінің меңгерушісі Татьяна Фирсова сөз алды. Ресми бөлімінен кейін және баяндамалар аяқталған соң, семинар нағыз шығармашылық шеберханаға айналды. Қатысушыларға әр түрлі тақырыпты қамтыған шеберлік-сабақтар өтті. Оқушылар сарайының қосымша білім беру педагогы және «Креатив» дизайн-студиясының жетекшісі Лаура Сыздықова қонақтарға канзаши техникасында жасалатын гүлдерді көрсетті. Аталмыш шеберлік-сабағында 7 педагог атлас лентасынан әшекей бұйымдарын жасады. Оқушылар сарайы «Декор» студиясының жетекшісі Елена Мирзоян семинардың 14 қатысушысына интерьерде фоамир әшекейін қалай қолдану керектігін көрсетті. Екібастұз қаласынан келген «Қайнар» бос уақытты қамту орталығының қосымша білім беру педагогы, «Сувенир» шеберханасының жетекшісі Галина Склярдің шеберлік-сабағының тақырыбы «Выполнение композиции «Пейзаж» в смешанной нетрадиционной технике декоративно-прикладного творчества» деп аталды. Бұл шеберлік-сабаққа 15 адам қатысты. Семинар қатысушылары «папье-маше» техникасында табиғи композиция жасап, оны акрил бояуларымен бояды. Жұмыстар аяқталған соң барлық семинар қатысушылары жұмыстарды өздерімен бірге алып кетті. Бұл семинарға қосымша білім беру мекемелерінен облысымыздың үш қаласы және бес аудандарынан 28 педагог қатысты. Семинар аяқталған соң қатысушылар психологиялық көмекке душар болған балалар үшін және қолданбалы-сән шығармашылығының дәстүрлі емес техникасында, бисермен жұмыс жасау туралы шеберлік-сабақтарға ұсыныс білдірді.
|