Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

15749557
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
19054
15540
19054
15471449
403920
367126
15749557

Сіздің IP: 18.116.49.143
Уақыт: 2024-12-23 23:32:14

Бабалар мұрасы – бисерден өрілген суреттерде

В картинах из бисера - наследие предков В картинах из бисера - наследие предков

М.Катаев атындағы павлодарлық оқушылар Сарайында «Атамұра» қолданбалы-сән шығармашылығының облыстық көрмесі өтті. 2015 жылдың 18 қараша күні қазақ мемлекеттілігінің 550-жылдығына орай ашық іс-шара өткізілді. Көрмені Павлодар облысының білім беру басқармасы ұйымдастырды.

Облыс және қаланың 245 оқушылары және шығармашылық шеберханалардың тәрбиеленушілері, әр-түрлі жанр мен техникада жасалған  жұмыстарын ұсынды. Көрмеге барлығы 252 жұмыс қатысты. Балалар өз туындыларын жасағанда әр-түрлі материалдарды қолданды.

В картинах из бисера - наследие предков В картинах из бисера - наследие предков

Бисерден өрілген картиналар, жүннен тоқылған бұйымдар, қағаздан жасалған аппликациялар, табиғи материалдан істелген бұйымдар – осының барлығы әр шебердің жұршылыққа көрсеткен уақыт пен кеңістіктің сезімі болып табылады. Успен, Ақтоғай, Ертіс, Баянаул, Қашыр, Лебяжі аудандарынан келген және Павлодар мен Ақсу қалаларынан келген балалар қолданбалы шығармашылықтың сұлулығымен бөлісті.

Қазылар алқасы білікті композициялық шешімді, шығармашылық ойлауды, орындаудың тәуелсіздігі мен сапасын бағалайды.

Оқушылар Сарайының үлкен залында 20 қараша күні жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтеді. Ең үздік жұмыстар «Бабалар мұрасын сақтап және көбейтейік» атты Республикалық қолданбалы-сән шығармашылық көрмесіне ұсынылады.

Түсініктемелер қосу