Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар12836659
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 10713 4619 15332 12623686 155112 375712 12836659 Сіздің IP: 3.17.128.129
Уақыт: 2024-04-23 16:07:49
|
Күзгі жапырақ жауыны-2015
Алтын сары,қызыл,көк... Шыны керек, күз мезгілі суретші секілді, жер бетін сары кілемге бояп, жер жаһанды түрлі түстерге көмкереді. Сүйікті қала мен ауланың күз келбетінің көркемдігіне әрине көз тартып сүйсінуге болады. Сондықтан, М.Катаев атындағы оқушылар Сарайының «Сымбат» және «Палитра» бейнелеу студияларының жас суретшілері қолдарына қылқаламдарын алып, керемет туындылар шығарды. Бейнелеу шеберханаларының тәрбиеленушілері өз жетекшілері Елена Каркавина және Васелина Дмитриевамен «Күзгі жапырақ жауыны - 2015» атты көрме ұйымдастырды. Балалар бұл көрмеге бар ынта-жігерлерін салып дайындалды. Олар сурет салып қана қоймай күзгі табиғатты бақылап, керекті түстерді тауып, бояуларды араластыру өнерін меңгерді. Күздің әдемі келбетіне толғанып қызыққан балалар өз ойларын суреттерінде көрсете білді. Сонымен, бүгінгі таңда қарандаш және қылқаламмен жасалған барлық суреттерді «Күзгі жапырақ жауыны - 2015» атты көрмеде көруге болады. Бұл көрмеге екінші және үшінші оқу жылының оқушылары қатысты. «Күзгі жапырақ жауыны - 2015» атты көрме экспозициясы осы айдың соңына дейін жалғасын табады.
|