Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар15734388
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 3885 15540 3885 15471449 388751 367126 15734388 Сіздің IP: 3.138.179.120
Уақыт: 2024-12-23 05:13:23
|
Күзгі жапырақ жауыны-2015
Алтын сары,қызыл,көк... Шыны керек, күз мезгілі суретші секілді, жер бетін сары кілемге бояп, жер жаһанды түрлі түстерге көмкереді. Сүйікті қала мен ауланың күз келбетінің көркемдігіне әрине көз тартып сүйсінуге болады. Сондықтан, М.Катаев атындағы оқушылар Сарайының «Сымбат» және «Палитра» бейнелеу студияларының жас суретшілері қолдарына қылқаламдарын алып, керемет туындылар шығарды. Бейнелеу шеберханаларының тәрбиеленушілері өз жетекшілері Елена Каркавина және Васелина Дмитриевамен «Күзгі жапырақ жауыны - 2015» атты көрме ұйымдастырды. Балалар бұл көрмеге бар ынта-жігерлерін салып дайындалды. Олар сурет салып қана қоймай күзгі табиғатты бақылап, керекті түстерді тауып, бояуларды араластыру өнерін меңгерді. Күздің әдемі келбетіне толғанып қызыққан балалар өз ойларын суреттерінде көрсете білді. Сонымен, бүгінгі таңда қарандаш және қылқаламмен жасалған барлық суреттерді «Күзгі жапырақ жауыны - 2015» атты көрмеде көруге болады. Бұл көрмеге екінші және үшінші оқу жылының оқушылары қатысты. «Күзгі жапырақ жауыны - 2015» атты көрме экспозициясы осы айдың соңына дейін жалғасын табады.
|