Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар23904704
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 3526 15199 18725 23616600 216247 579883 23904704 Сіздің IP: 216.73.216.171
Уақыт: 2026-09-15 05:02:47
|
Сәндік-қолданбалы шығармашылық өнерінің көрмесі
2015 жылдың 15 қыркүйегінде Оқушылар сарайында бейнелеу өнері мен сәндік-қолданбалы шығармашылық өнерінің «Сәлем,Сарай» атты көрмесі ашылды. Оқушылар сарайының 116 кабинетінде орналасқан жаңадан ашылған демонстрация залында 15 техникада жасалған, 103 жұмыс түрлері балалар назарына ұсынылды. Жұмсақ ойыншықтар, көркем суреттер, тұзды қамырдан жасалған бұйымдар осылардың бәрі - эстетика бөлімінің тәрбиеленуішілерінің он саусақтарынан жасалған өнерлері. Көрме сөрелерінде қолдан жасалған зергерлік бұйымдар, жүннен тоқылған жұмыстар, табиғи материалдан жасалған коллаждар мен аппликациялар, квиллинг т.б. әдемі заттарды көруге болады. Аталмыш көрмеде тоқу, тігу, кесте тоқу, тігін бұйымдары мен бас киімдер техникасында жасалған жұмыс топтамасын тамашалауға болады. Көрменің тұсаукесеріне 100-ден астам балалар қатысты. |














