Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар15734951
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 4448 15540 4448 15471449 389314 367126 15734951 Сіздің IP: 3.135.220.239
Уақыт: 2024-12-23 05:52:42
|
«Педагогикалық шеберлік - 2015»
Оқу жылының соңында облыстың педагогикалық қызметкерлері өздерінің бірегей инновациалық тәжірибелерін, өз зерттеу қызметінің әзірлемелерін, жалпақ жұртшылыққа өздерінің қайталанбас дарынын ашатын облыстық байқау өткізу тамаша дәстүрге айналды. Биылғы жылы байқаудың сырттай іріктеу кезеңінен өткен 13 аудан мен қалалардан 91 өкіл қатысты. Қатысушылардың көбі Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалаларынан, Железин және Ертіс аудандарынан болды. Бұл конкурсқа М.Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайының педагогтары «Сырмак» қолданбалы ұлттық өнер үйірмесінің жетекшсі Жагслах Дәуірбек Жаксылыққызы және «Қаламгер» балалар баспасөз үйірмесінің жетекшісі Аипова Әсем Серікқызы қатысты. Жагслах Дәуірбек Жаксылыққызының тақырыбы «Қосымша білім берудегі инновациалық жоба» номинациясында «Ұлттық шығармашылық бағыттағы қосымша білім беру педагогының жұмыс жүйесі». Бұл авторлық бағдарлама балаларды қолданбалы өнерге, тоқымашылық өнерге үйретеді. Жұмыстың тиімділігін ұйымдастыру үшін шебер ұстаз арнайы станогын істеп шығарды. Жагслах Дәуірбектің жұмысы ең үздік атанып 1 дәрежелі дипомға ие болды. Жас ұстаз, Әсем Аипова Серікқызы «Қаламгер» балалар баспасөз үйірмесінің бағдарламасын ұсынды. Бұл бағдарламаның негізгі бағыттары балалар журналистикасы мен радиожурналистика. Оқушылар бұл үйірмеде алған білімдерінің нәтижесінде «Сенің әлемің – Твой мир» балалар облыстық газетін шығарып, Павлодар облыстық радиосында «Жас тілші» хабарын дайындайды. Бұл конкурста педагог 3 дәрежелі дипломмен марапатталды. «Педагогикалық шеберлік» байқауы бұл – ең перспективті инновациялық жобаларды анықтап, оларды жүзеге асыруға жол ашатын тәжірибе алмасуға және пікірталасқа арналған орын. Ұстаздарды жеңістерімен құттықтаймыз! |